МӘМС ЖҮЙЕСІН БІЛЕСІЗ БЕ?

798 көрілім

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) – әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені.

МӘМС жүйесінде медициналық көмекке құқылы – «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңының 28-бабының 7-тармағына сәйкес қорға аударымдар және (немесе) жарналар төленген, сондай-ақ Қорға жарналар төлеуден босатылған тұлғалар.

МӘМС принциптеріне негізделеді:

1) Қазақстан Республикасының МӘМС туралы заңнамасын сақтау және орындау;                     2) аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу міндеттілігі;                                                             3) мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың ортақ жауапкершілігі;                                 4) көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасы;                                 5) қор активтерін тек МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетуге ғана пайдалану;                                                                                                                                                            6) қор қызметінің жариялылығы.

МӘМС жүйесіндегі төлеушілер:

1)төлеушілер;                                                                                                                                                              2)медициналық қызметтерді тұтынушылар;                                                                                                       3) денсаулық сақтау субъектілері;                                                                                                                4) уәкілетті орган;                                                                                                                                         5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;                                                                                               6) қор;                                                                                                                                                        7) Мемлекеттік корпорация;                                                                                                                                                     8) өзге де уәкілетті органдар.

 Жарна төлеушілер болып табылады:  

1)мемлекет                                                                                                                                                                                  2) әскери қызметшілерді, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін қоспағанда, қызметкерлер, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілер;

3)жеке кәсіпкерлер;                                                                                                                                                          

4) жеке практикамен айналысатын адамдар;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агентімен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар (бұдан әрі – азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар);   

6) жарналарды өз бетінше төлейтін адамдар, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кеткен Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрі-азаматтар) – азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын қызметкерлерді, жеке тұлғаларды, бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерді, жұмыс істеп жүрген дара кәсіпкерлерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен Қазақстан Республикасының азаматтарын және Қазақстан Республикасында аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу жүзеге асырылатын азаматтарды қоспағанда;

7) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар.

            Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамдарды және оралмандарды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жарналарды төлеушілер болып табылмайды.

МӘМС жарналарын тұрақты төлейтін және «САҚТАНДЫРЫЛҒАН» мәртебесі бар азаматтар медициналық қызметтердің неғұрлым кең тізбесін қосымша төлемсіз-ақ ала алады.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тізбесіне мыналар кіреді:

  1. Амбулаториялық жағдайдағы медициналық көмек (ауруларды диагностикалау және емдеу):профилактикалық медициналық қарап-тексерулер (ТМККК бойынша көрсетілетіндерді қоспағанда);
  • МСАК дәрігерлерінің жолдамасы бойынша бейінді мамандардың қабылдауы және консультациясы;
  • бейінді мамандардың созылмалы аурулары бар адамдарды динамикалық бақылауы;
  • халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысанда стоматологиялық көмек көрсету;
  • тізбеге сәйкес диагностикалық қызметтер, оның ішінде зертханалық диагностика;
  • тізбе бойынша басқа рәсімдер мен манипуляциялар.
  1. Стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек (ТМККК шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда); сондай-ақ елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әкелетін аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда үйдегі стационардың қызметтері.
  2. Жоспарлы нысандағы стационарлық жағдайларда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек (ТМККК шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда).
  3. Шұғыл нысандағы стационарлық жағдайда мамандандырылған көмек, оның ішінде тәуліктік стационар жағдайында емдеуді талап етпейтін диагноз қойылғанға дейін тәуліктік стационардың қабылдау бөлімшесінде емдеу-диагностикалық іс-шаралар жүргізу (ТМККК шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда).
  4. Медициналық оңалту.
  5. Патологиялық-анатомиялық диагностика.
  6. Өлімнен кейінгі донорды дайындау.
  7. МӘМС жүйесінде көмек көрсетілген кезде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету:
  • денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек;
  • уәкілетті орган бекітетін белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттары үшін дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың тізбесіне сәйкес амбулаториялық жағдайларда медициналық-санитариялық алғашқы және мамандандырылған медициналық көмек.

Сақтандырылған азаматтар МӘМС арқылы негізгі анализдерді тапсырып қана қоймай,  операцияларды да жасата алады. Медқызметтерді мемлекеттік қана емес, Медициналық сақтандыру қорымен жұмыс істейтін жеке меншік клиникалар да көрсетеді.

Біздің «Талғат» клиникасында МӘМС бағдарламасы арқылы барлық мамандардың консультациясын тегін алуға мүмкіншілігіңіз бар. Сонымен қатар қосымша диагностикалық қызметтер:

МРТ барлық органдар (контрастпен, контрастсыз);

КТ барлық органдар (контрастпен, контрастсыз);

ЭЭГ;  ЭКГ;  ЭХОКГ;  УЗИ;  КТГ; Нейросонография;  Маммография;  Цифрлық рентген;  Флюорография;  Холтер және  лабораториялық тексерулер қолжетімді.

ЖШС  «Клиника Талғат» емханасы

Аймақтық дәрігер: Муталипова Азиза Жумабайқызы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы