ХАБАРЛАНДЫРУ

351 көрілім

«Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау қызметіне тариф және тарифтік сметасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы «Табиғи монополиялар туралы» Заңының             20-бабы 5-тармағы және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының3-тарауына және 313-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыныныңжылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау қызметіне                   01.11.2024 жылдан 31.10.2025 жыл аралығында осы бұйрыққа №1 және №2 қосымшаларға сәйкес тариф және тарифтік сметасы  бекітілсін.

2. «Түркістан қаласы әкімдігінің «Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және онымен жабдықтау қызметіне тариф және тарифтік сметасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің 2022 жылғы 27 маусымдағы № 78-НҚ және «Түркістан қаласы әкімдігінің «Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және онымен жабдықтау қызметіне тариф және тарифтік сметасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 71-НҚ бұйрықтарының күштері жойылсын.

  3. Табиғи монополиялар және бағаларды реттеу бөлімі осы бұйрықты «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының назарына жеткізсін.

4. «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау қызметіне тариф бекітілгендігі туралы ақпаратты белгіленген тәртіпте қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде бес күнтізбелік күннен кешіктірмей жариялап, тұтынушылардың назарына жеткізсін және ол бойынша Департаментті хабардар етсін.

         5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

         6. Осы бұйрықтың 1 және 2 тармақтары 2024 жылғы 1 қарашасынан бастап, қалған бөліктері қол қойған күннен бастап күшіне енгізіледі.

Д. Калибеков

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы