ӘЖЕЛЕР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

208 көрілім

Сауран аудандық Әжелер алқасының құрамында 30 – дан астам әжелер бар. Ақ жаулықты әжелер қоғамдық жұмыстармен қатар референдумнан шет қалмай, белсенді атсалысуда.

Референдум – мемлекеттік маңызды мәселелерді халықтың таңдауына салу арқылы еліміз халықтың пікіріне құлақ асудың, халық ойымен санасудың үлгісін көрсетуде.

Сауран ауданындағы референдум учаскелеріне келушілердің қарасы қалың. Өз таңдауы ел тағдырын шешетінін түйсінетін саурандық әжелер №68 референдум учаскесінде өз таңдауларын жасап, бюллетеньдерді жауапкершілікпен белгілеуде.

“Болашаққа жаңа бағытта бет алған мемлекетіміз үшін бұл референдумның орыны ерекше” – дейді әжелер алқасының мүшелері.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы