ЖАҢА ОРТАЛЫҚ ҚАРТТАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

1 171 көрілім

Бүгін Түркістан қаласында зейнеткерлерге арналған орталықтың жаңа филиалы ашылды. Салтанатты жиынға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, халық қалаулылары, ақсақалдар алқасы және аналар кеңесінің мүшелері қатысты.

Айта кетейік, «Белсенді ұзақ өмір» орталығында зейнеткерлерге дәрігердің бақылауы мен кеңесі бойынша психологиялық көмек, тұзды бөлме, сенсорлық бөлме, массаж, сауықтыру-гимнастика, ЛФК кабинеті, еңбек терапия, фитотерапия, ағартушылық кабинет, акт залы, кітапхана алаңы, бильярд және теннис ойын алаңы, қосымша би, ән т.б үйірмелері қызмет етеді.  Аталған орталықта бір қолданысы 10 классикалық массажға тең жаңа инновациялық биоэнергетикалық ерекше массаж аппараты арқылы бірден 7 түрлі ем ұсынылады.

Орталықтың ашылуына қатысқан облыс әкімі қарияларға жүрекжарды лебізін білдірді. 1 қазан – Халықаралық қарттар мерекесіне тарту болған орталыққа риза болған қариялар игі іске ұйытқы болған азаматтарға ақ батасын беріп, ізгі тілектерін арнады.

«Түркістан ақпарат»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы