МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ТЕАТР ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

103 көрілім

Облыстық мәслихат депутаттары Түркістан облысының мәдениет басқармасына қарасты Түркістан музыкалық драма театрына барды. Ондағы мақсат, театр ұжымының жұмысымен таныса отырып, алдағы уақыттағы мәдени іс-шаралар барысын талқылау болатын.

Облыстық мәслихаттың 2024 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылған шараға облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов бастап барды. Одан бөлек, Б.Басымбек, Қ.Жантөреева, А.Салимов, Б.Сүлейменов, Б.Шойбеков және БАҚ өкілдері қатысты. Депутаттық топ мәселені зерттеу және облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына дайындау бойынша Түркістан музыкалық драма театры директоры Әлімхан Мырзаханмен тілдесті. Аталмыш мекеменің негізгі жұмысы Мәдениет саласында өндірістік шаруашылық қызмет көрсету, жаңадан қойылымдар сахналастыру, театрландырылған ойын-сауық іс-шараларын іске асыру.

Айта кетейік, театр құрылысы 2019 жылы басталып, 2021 жылы аяқталған. Театр 4 қабаттан тұрады, аумағы 11000 шаршы метрді ал, көрермен залы 511 адамды құрайды. Үш жыл ішінде театр 12 премьера сахналап, 40 мың көрермен жинаған. Жеті гастрольдік сапарға шығып, оның ішінде Франция және Әзербайжан мемлекеттерінің сахнасында өнер көрсеткен.

Театр ашылуынан бері поэзия кештері, коллаборация, ашық сабақтар, шығармашылық қойылымдар мен отандық және шетел өнерпаздарынан шеберлік сабақтары өткізілген. Театр ұжымы мен спектакльдері бүгінге дейін 17 марапатқа ие болыпты. Қазіргі таңда театр репертуарында 10 қойылым жүруде және де жаңадан қойылымдар қосылып, толығуда.

«Түркістан-ақпарат»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы