ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ҚОНАҚ ҮЙ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

3  914 көрілім

Облыс орталығында 23 қонақ үй мен 3 хостел жұмыс жасайды. Енді оның қатарын “Versal” қонақ үйі толықтырды. 40 жатын орынға лайықталған жаңа ғимарат жеке кәсіпкер Қайрат Әкешеевтің қаржысына салынған. Қосымша 200 адамға шақталған рестораны да қызмет көрсетуге дайын.


Төрт қабатты нысанның салтанатты түрде лентасы қиылып, бүгіннен бастап пайдалануға берілді. Қалалық мәслихат хатшысы Ғаппар Сәрсенбаевтың пікірінше, рухани шаһарға келген туристер мен қала қонақтары үшін заманауи қонақ үйлер керек-ақ. Алдағы уақытта саны артса артықтық етпесі анық.


Естеріңізде болса, қыркүйек айында “ROYAL GRAND HOTEL” және “Иассы” қонақ үйлері өртке оранған болатын. Біріне қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатса, ал, екіншісі мемлекет мұқтажы үшін меншік иесінің иелігінен шығарылған.


Жоғарыда айтқанымыздай, төтенше жағдай орын алмас үшін қонақ үй әкімшілігі қауіпсіздік саласына көңіл бөліп отырмыз дейді. Тілсіз жаудан төнер қатерді болдырмаудың жолын қарастыра отырып, пандус мәселесі де назарға алынған.

Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ,
“Түркістан”.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы