ХАБАРЛАНДЫРУ

3  011 көрілім

Мемлекеттік мұқтажы үшін жер учаскелерін және өзге де жылжымайтын мүліктерді мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және Түркістан облыстық сот алқасының 27.08.2020 жылғы №2а-766 қаулысына, Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 29.07.2024 жылғы №2а-485 дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге және  Түркістан қаласы әкімдігінің «Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 16.08.2024 жылғы №40-03-11/512 шығыс хатына  сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

         1. Осы қаулының қосымшасында көрсетілген жер учаскелерін және өзге де жылжымайтын мүліктерін мемлекеттік мұқтажы үшін алынуы басталсын.

         2. Түркістан қаласы әкімдігінің «Жер қатыныстары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жер учаскелерінің меншік иелеріне басқа жер учаскесі берілуі мүмкіндігін қарастырып және осы қаулының орындалуына бағытталған басқа да тиісті іс-шараларды жүзеге асырсын.

3. Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жариялану күнінен үш айдан ерте болмауы және үш жыл деп белгіленсін.

4. Қосымшада көрсетілген жер пайдаланушылар немесе жылжымайтын мүлік иелері мен келісім рәсімдерін жүзеге асырылуының орны Түркістан қаласы, Байбұрт көшесі №4 ғимаратта орналасқан қала әкімдігінің «Жер  қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып белгіленсін.

5. Түркістан қаласы әкімдігінің «Экономика және қаржы бөлімі», «Жер қатынастары бөлімі», «Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі» мемлекеттік мекемелері анықталған жерде орналасқан жылжымайтын мүліктердің құнын төленуін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз етсін.

4.  Осы қаулының орындалуын бақылау өз құзіретіме қалдырамын.

Қала әкімі                                                                 Н.Тұрашбеков

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы