Мемлекеттік мұқтажы үшін жер учаскелерін және өзге де жылжымайтын мүліктерді мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және Түркістан қаласы әкімдігінің «Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі» ММ-нің 07.08.2024 жылғы №40-03-11/493 және Түркістан қаласы әкімдігінің «Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» ММ-нің шығыс хаттарына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасында көрсетілген жер учаскелерін және өзге де жылжымайтын мүліктерін мемлекеттік мұқтажы үшін алынуы басталсын.
2. Түркістан қаласы әкімдігінің «Жер қатыныстары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жер учаскелерінің меншік иелеріне басқа жер учаскесі берілуі мүмкіндігін қарастырып және осы қаулының орындалуына бағытталған басқа да тиісті іс-шараларды жүзеге асырсын.
3. Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жариялану күнінен үш айдан ерте болмауы және үш жыл деп белгіленсін.
4. Қосымшада көрсетілген жер пайдаланушылар немесе жылжымайтын мүлік иелері мен келісім рәсімдерін жүзеге асырылуының орны Түркістан қаласы, Байбұрт көшесі №4 ғимаратта орналасқан қала әкімдігінің «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып белгіленсін.
5. Түркістан қаласы әкімдігінің «Экономика және қаржы бөлімі», «Жер қатынастары бөлімі», «Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі» мемлекеттік мекемелері анықталған жерде орналасқан жылжымайтын мүліктердің құнын төленуін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау өз құзіретіме қалдырамын.
Қала әкімі Н.Тұрашбеков