АЛҚАЛЫ ЖИЫНДА ӨҢІР ҮШІН МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

779 көрілім

Түркістан облыстық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Алқалы жиында облыстық мәслихаттың кезектен тыс он бірінші сессиясы қарсаңында әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері талқыланды. Аталған басқосуда А.Салимов төрағалық етіп, комиссия отырысына Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, облыс әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов, тұрақты комиссия мүшелері Ғалымжан Елшібай, Жанар Темірбекова мен бірқатар облыстық басқарма басшылары қатысты.

Алқалы жиынның күн тәртібінде облыстық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсанындағы №7/85-VIII «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу және өңір бойынша тексеру комиссиясының мүшесін тағайындау туралы мәселелер қаралды. Сондай-ақ, «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы», онымен қоса облыстық әкімдік жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/331-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер ортаға салынды.

Тұрақты комиссия мүшелері күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өз пікірлерін айтып, аталған мәселелерді сессияның қарауына енгізуді ұсынды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы