МЕКТЕП МЕДИАЦИЯСЫ ЖАНДАНАДЫ

1  350 көрілім

Түркістан қалалық сотының ұйымдастыруымен «Үлкен алдында жас қарыз, Ата алдында бала қарызы – әдеп пен сый» атты семинар өтті. Медиация жөнінде талқыланған басқосуға қалалық соттың судьясы Сәкен Абсаматов, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ мен орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары, білім ұяларының педагог-пихологтары қатысты.


Семинар мақсаты – оқушылар арасында орын алған дау-жанжалды болдырмау, кикілжіңнің алдын алу, ата-аналарды тәрбие мәселесіне мән беруге шақыру. «Қазақстан кәсіби медиаторлары мен құқықтық кеңесшілерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Дана Кенжеқұлова – «Мектеп медиациясы қызметі және оны енгізу» тақырыбында баяндама жасады.


«Түркістан облысы бойынша біздің қауымдастықпен бірнеше жобалар іске асырылуда. Оның ішінде мектеп медиациясына көп көңіл бөлініп отыр. Өңіріміз бойынша пилоттық жоба негізінде Түркістан қаласында 3 мектепте, Арыс қаласында 5 мектепте медиация кабинеттері жұмыс жасауда. Айта кетейін, медиациялық бөлме арқылы 10 дау екі тараптың келісімімен реттеліп, оң нәтижемен аяқталған. Рухани астанада алдағы уақытта бұл бағытты жандандыруға ниеттіміз. Ынтымақтастықта келісімге келуге бастайтын жоба кез келген мәселенің сотқа дейін жетпей оңды шешімін табуға ықпалы зор,-деді жаттықтырушы-медиатор Дана Ақәділқызы.


Кездесу соңында тәрбие мен білім саласына жауапты мамандар пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды. Баяндамашы аталған тақырып төңірегінде өз тарапына қойылған сұрақтарға толымды жауап берді.

Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ,
«Түркістан».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы