ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНГЕН АЗАМАТ

1  377 көрілім

Қаламызға белгілі азамат Салыбек Әлжанов 1954 жылы Түркістан ауданы, Теке ауылында дүниеге келген. 1961 жылы Крупская атындағы мектепке барып, 1971 жылы жалпы орта мектепті ойдағыдай тәмамдайды. 1972-1974 жылдар аралығында Отан алдындағы азаматтық борышын өтейді. Одан соң Крупская колхозында 2-3 жыл жұмыс атқарады.

1980 жылы Шымкент педагогикалық институтының математика факультетін аяқтайды. 1980-1986 жылдар аралдығында А.Үсенов атындағы мектепте мұғалім болып жұмыс атқарды. 1986-1998 жылдар аралығында Үшқайық ауылдық кеңесінде жауапты хатшы болып қызмет жасады. Ал, 1998-2005 жылдар аралығында Үшқайық ауылдық округінің әкімі, 2005-2017 жылдар аралығында зейнет жасына шыққанша Үшқайық ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін абыроймен атқарып келді.

Біздің жолдасымыз Салыбек Әбдіқадырұлы ауылдық округінде жауапты қызмет атқарған жылдары ел құрметіне бөленіп, еселі еңбегі үшін ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдық медалімен, облыстық және қалалық «Nur Otan» партиясының бірнеше алғыс хаттарымен, қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталған. 2004 жылдан «Nur Otan» партиясы Үшқайық ауылдық бастауыш партия ұйымының төрағасы болып қоғамдық жұмыс-тарға белсене араласты. Ал, 2016 жылдан бастап Үшқайық ауылдық округі қоғамдық келісім кеңесінің хатшысы болып жұмыс жасауда.

Әріптесімізге еліміздің мерейін асқақтату жолында еңбек ете беруіне тілектеспіз. Әрқашан қызметтің биік тұғырынан көрініп, абыройыңыз үстем болып, Өзіңізден өрбіген әулеттің алып бәйтерегі бола беріңіз деп тілек білдіреміз.

Әріптес, жолдастары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы