25 мамырда шетел азаматтарына көші-қон желісі бойынша кейбірқызметтер қолжетімсіз болады

323 көрілім

Құзырлы органның тарапындағы ақпараттық жүйелерде жоспарлы техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты сенбі күні шетелдік азаматтарға кезекші ХҚКО-лар мен көші-қон қызметтері орталықтарында кейбір мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді.

Сондықтан, 25 мамыр күні келесі мемлекеттік қызметтер қолжетімсіз:

– Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру;

– Еңбекші иммигрантына рұқсат беру, мерзімін ұзарту және кері қайтарып алу;

– Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру.

Бұл қызметтерді көрсету 27 мамырда қайта жанданатын болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы