Конго-Қырым геморрагиялық  қызбасының алдын алу шаралары

277 көрілім

Конго-Қырым геморрагиялық  қызбасы – бұл маусымдық ағымымен ерекшеленетін табиғи-ошақтық  аса қауіпті вирусты  жұқпалы ауру. Аурудың өршуі мамырдан тамызға дейінгі кезеңде  тіркеледі. Ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін адамдарда ауру көбірек кездеседі.

Көбінесе адам вирус жұқтырған кене шаққанда,теріден немесе жануарлардан кенені езіп алған жағдайда , кенелерді жаншығанда, вирус денеге микрожарықтар мен терідегі жаралар арқылы енген кезде жұғады.

Қырым геморрагиялық қызбасының алғашқы белгілері кенеттен пайда болады. Дене қызуының 40 градусқа дейін көтерілуі, басы қатты ауруы, буындардың сырқырауы, құсу, лоқсу, асқа тәбеттің болмауы, аурудың 2-5 күндері науқастың мұрнынан, асқазан, ішектерінен, әйелдердің жатырынан қан кету белгілері пайда болады.

Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шаралары:

– кене ауруларының алдын алудың ең жақсы жолы – кене шағуының алдын алу;

-қырқым кезінде арнайы сақтық киімін кию,-қора тазалағанда, табиғатта дем алғаннан кейін киімді денені мұқият қарау қажет;

– ашық демалыстан қайтып, киімдерін шешкеннен кейін денені, шаш пен киімді кенелердің, әсіресе бас терісін, қолтық асты, құлақтың артындағы жерлерін жабысып қалатын кенелердің бар-жоғын мұқият тексеріңіз. Киімді желдетіңіз, бөлмеге бірден гүлдерді, бұтақтарды, аңшылық олжаларды әкелмеңіз;

-кене теріге жабысқан жағдайда , кене денесін қысқыш арқылы алу қажет, кене шаққан орынды спиртпен сүрту және 14 күн аймақтық дәрігер бақылауында болып, дене қызуын екі мезгіл өлшеу қажет;

-көктем және күзде  міндетті түрде малды және мал қораларды залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу керек;

– бекітілген және жабысқан кенелерді анықтау және жою үшін үй иттерін және басқа үй жануарларын тексеріңіз.

 Есіңізде болсын, кенеден қорғану ережелерін сақтау және дереу медициналық көмекке жүгіну сізді аурулардан сақтап және өміріңізді сақтайды!

Мирзахожаев Нурмухаммад Жумадуллаевич,

Түркістан қалалық емхана Бірлік бөлімшесінің жалпы тәжрібелі дәрігері 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы