Дерматофития – қауіпті ауру

240 көрілім

Дерматофития – шашты, теріні, тырнақты, аяқты, шаптың маңайындағы теріні және бетті зақымдайтын микозды жұқпа.

Ол халық арасында «Теміреткі» деген атпен белгілі.

Терінің микозды ауруы (микоздар немесе дерматофития) – адамның терісіне ауру тудыратын микроскопиялық саңырауқұлақтардың енуінен пайда болатын жұқпалы ауру.

Олар табиғатта кең таралған. Қазіргі уақытта адам терісінің жұқпалы ауруын тудыратын 500 түрі белгілі. 

Адамдар мен жануарлардың дерма­томикоздары ветеринарлық және әлеуметтік-медициналық ең өзекті мәселе. Қазіргі уақытта бұл мәселеге ерекше көңіл аударылуының себебі – жұқпа­ның өте жылдам жұғуына және таралуына байланысты.

Дерма­томикоздармен  көбінесе балалар ауыра­ды, аурушаңдық деңгейі жылдың күз-қыс мезгілдерінде көтеріледі.

Ауру көздері науқас адамдар және үй жануар­лары болып табылады (ірі қара малдар, мысықтар, иттер).

Теміреткімен ауырған үй жануарларынан және ауру қоздырғышымен залалданған әртүрлі қоршаған ортадағы заттардан жұғады. Мысықтар жүн­дерімен микоздың қоздырғыштарын үйге әкеледі.

Үй жануарларын лас, қараңғы, тар қораларда ұстағанда олардың арасында дерматомикоз ауруы кең таралады. Ауру қоздырғыштары жануарлардың жүндерімен, тері қабыршақтарымен қора-жайдың еденіне, қабырғасына, төсемшелеріне, малдардың күндізгі тұрағына түседі.

Жұғу жолдары:
– Қатынастық-темірет­кі­нің қоздырғыштарын жұқтырған науқас­тардың тері қабыршақтары, шаштары, жануарлардың жүндері арқылы жұғады;
– Тұрмыстық-теміреткінің қоздыр­ғыштарымен залалданған науқастардың бас киімдері, төсек жамылғылары, тарақтары, қайшылары және қолда­ныстағы тағы да басқа заттары жұғады.
Дерматомикоздарды немесе темірет­кіні жұқтырмау үшін:
– Үй жануарларын ұстағаннан кейін қолды мұқият сабындап жуыңыздар;
– Сүлгі мен жамылғыларын жиі-жиі жуып,үтіктеп отырыңыздар;
– Тарақтарыңызды үнемі таза ұс­тап, іш және бас киімдеріңізді, тарақ­тарыңызды басқа адамдардың пайда­лануларына жол бермеңіздер.
– Шаштаразға, спорт залына барған­нан кейін міндетті түрде душ қабылдап немесе моншаға түсіңіздер;
– Дерматомикозбен ауырған үй жануар­ларын далаға тастамаңыздар;
– Балаларыңыздың кезбе иттермен және мысықтармен ойнауына жол бермеңіздер;
– Мысықты немесе итті асырауға алу алдында, оларды аумақтық ветери­нарлық дәрігерге тексертіп, алыңыздар.

         Аурудың алғашқы белгілері пайда болғанда өздіктеріңізден ем қолданбай бірден дәрігерге қаралыңыздар.

Г.Калжанова,

Түркістан қалалық СЭББ бас маманы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы