Бүгін даңқты спортшы, Сидней олимпиадасының жеңімпазы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған Түркістан қаласының тұрғындары арасында қол күрес, арқан тарту, гір тасын көтеру, тоғызқұмалақ, шахмат, дзюдо спорт түрлерінен жарыстың ашылу салтанатты өтті. Сайыс Бекзат Саттархановтың туған күніне орай ұйымдастырылып отыр.
Қаладағы №4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде өткен жарыста қазылар алқасында әр спорттан екі төрешіден жалпы саны 19 төреші төрелік етті. Сондай-ақ, жарысқа қала тұрғындары арасынан 10-11 жас аралығында жасөспірімдерде қатысып, тоғызқұмалақ, шахмат, дзюдо спорт түрлерінен өзара бақ сынасты. Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен спортшыларды марапаттау рәсімі Бекзат Саттархановты еске алуға арналған мәдени шарада табысталатын болады.
Айта кетейік, 4 сәуір Бекзат Саттархановтың туған күніне орай жыл сайын дәстүрлі түрде спорттық шаралар ұйымдастырылады. Ел даңқын көкке көтерген спортшы Бекзатты киелі шаһардың спортсүйер қауымы әрқашанда ұлықтап өтпек.