4 МЫҢНАН АСТАМ ТҮРКІСТАНДЫҚ АУЫЗАШАРДА БАС ҚОСТЫ

198 көрілім

Сәуір айының алғашқы күні қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков түркістандық жамағатқа ауызашар жасады.

Қасиетті Рамазан айының құрметіне арналған ақ дастархан тек «Қожа Ахмет Ясауи» орталық мешітінде ғана емес, бір мезгілде қаладағы 22 мешітте жайылып, онда төрт мыңнан астам адам ауыз ашты.

Ауызашарға келген қауым мол дастарханнан дәм татып, ел амандығы үшін дұға жасады. Аталған жиынға облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов және басқа да қазыналы қарттар қатысып, ақ батасын арнады. Мұнан бөлек зиялы қауым өкілдері сөз алып, елдің бірлігі мен ынтымағын көздейтін ғибратты әңгімелер айтылды.

Сонымен қатар, Рамазан айындағы жарасымды дәстүрмен жарамазан айтқан жас өнерпаздарға сый-сыяпаттар берілді.

«Түркістан-ақпарат».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы