НҰР ЖАУҒЫЗҒАН ӘЗ НАУРЫЗ!

908 көрілім

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында «Жеңіс» саябағында «Нұр жауғызған Әз-Наурыз» атты мерекелік концерт өтті.

Ауа райының бұлттанып, жаңбырдың себелегенін де елең етпеген қала тұрғындары жас- кәрісі қалмай саябақтағы мерекеге орай арнайы жасақталған сахна алдына жайғасып, қалалық Мәдениет үйінің өнерпаздары, мектеп оқушылары, бала бақша түлектері мен ақ кимешекті әжелер күшімен дайындалған концертті тамашалады.


Мерекелік жиында қалалық ардагерлер алқасының төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов, қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев сөз сөйлеп, игі тілектерін білдірді.


Бүгінгі сән әлемінің ханшайымы Аида Кауменованың ұлттық нақыштағы сән үлгілері көрсетіліп, көпшілік жылы қабылдады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы