«КОНГРЕСС ХОЛЛ» КЕШЕНІНДЕ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ

610 көрілім

Бүгін «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде Наурыз мерекесі аталып өтті. Шараға облыстық мәдениет және туризм басқармасы басшысының орынбасары Ержан Исатаев және Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев қатысты.

Мерекелік шарада халық жадында ұмыт бола бастаған күйлер жаңғыртылды. Жиынға облыс орталығындағы зиялы қауым өкілдері қатысты. Келушілер рухани шаһарға “Jana Lep” алып келген өнерпаздардың өнерін тамашалады. Балалар мен жасөспірімдер арасында боз кілемде тартыс өтті. Сондай-ақ асық ату мен арқан тартудан командалар жасақталып, өзара мықтыны анықтады.

Кешен фойесінде қазақи нақыштағы киіз үй тігіліп, «Ал қоңыр» ансамблі кеш көркін аша білді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы