Еліміз биылдан бастап Наурыз мейрамын он күн тойлайтын болады. Мәдениет және ақпарат министрлігі жыл сайын 14-23 наурыз аралығында өтетін Наурызнама онкүндігін жариялады. Әрбір күн белгілі бір тақырыпқа арналып, терең мазмұн-мәнге ие болмақ.

Бүгін 18 наурыз – Ұлттық киім күні. Ұлттық киімге арналған бұл күн ата-бабамызды, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптарды еске алатын ерекше кезеңге айналады.

Осыған орай Сауран ауданында Наурызнаманың онкүндігін насихаттауға бағытталған түрлі іс-шаралар өтуде. Атап айтсақ, мәдениетіміз бен дәстүрімізді дәріптеуге арналған бастамаға Сауран ауданының мемлекеттік қызметкерлері де атсалысып, жұмысқа қазақы нақыштағы киімдермен келді. Ұлттық киім күні халық мұрасының маңыздылығын еске түсіріп, бірлігімізді арттыра түсетіні сөзсіз.