ИГІЛІК БАСЫНДАҒЫ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР

337 көрілім

 «Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету» құралы аясында келесідей қызмет түрлері бойынша 6 менеджер-кеңесші қызмет көрсетуде. Мамандар бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізуге, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасауға байланысты қызметтер, заң мәселелері және конкурстық (тендерлік) рәсімдер бойынша көрсетілетін қызметтер, қаржыландыру және мемлекеттік қолдау шараларын алу мәселелері жөніндегі көрсетілетін және бизнес-жоспарды әзірлеу жөніндегі қызметтер бойынша кеңес береді.

Жыл ішінде 1241 кәсіпкерге 1300 қызмет көрсетілді. (2022 жылы 1 784 кәсіпкерге 1 892 қызмет көрсетілген болатын). «Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсету» құралы бойынша өңіріміздің барлық аудан орталықтарында жалпы 20 менеджер-кеңесші мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттандыру және консультация беру, құқықтық мәселелер және рұқсат құжаттарын алу бойынша 13 436 қызмет көрсетілді.

Бұдан бөлек, палатада «Мен кәсіпкер» құралының екі бағыт бойынша қызметтер көрсетіледі. Алғашқысы Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы. Жалпы Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығында 376 кәсіпкерге 594 қызмет көрсетілді. Оның ішінде, кәсіпкерлікті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар бойынша 376 кеңес берілсе, өтінімдер бойынша сұранысқа ие кәсіби оқытулар ұйымдастыру бойынша 120 қыз-келіншек оқыту курстарынан өтті. Нақтырақ айтсақ, «Кондитерлік өнім өндіру» саласы бойынша 30, «Визажист» саласы бойынша 20, «СММ» саласы бойынша 20, «Тігін тігу» саласы бойынша 30, «Аспаздық» саласы бойынша 20 қыз-келіншек оқыту курстарын толық аяқтады.

Кәсіп иелерінің өз ісін дамыту бойынша менторлық сүйемелдеу жұмыстарына жалпы 43 өтінім қабылданып, комиссия шешімімен 12 менти іріктеліп, менторлық жұмыстар жасалды. Менти атанған әйел кәсіпкерлерге кемінде жарты жылдан астам уақыт бойы кәсібін одан ары дамыту бағытында табысын арттыру бойынша жеке-жеке сүйемелдеу жұмыстары жасалды. Менторлық қызметті «Түркістан облысы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы» Тулегенова Салтанат Ходжа-Мамедқызы атқарды.

Кәсіпорындардың даму әлеуетін анықтау үшін ағымдағы бизнес жағдайына сыртқы бағалауды ұйымдастыру қызметі бойынша 12 өтінім қабылданып, комиссия шешімімен 5 кәсіпорын іріктеліп, бағалау қызметтері толық көрсетілді. Бағалау қызметін еліміздегі «Қазақстанның үздік тауары» және «Алтын сапа» бағдарламарлары бойынша сыртқы бағалауды жүзеге асыра алатын, сол саланың маманы қызмет көрсетеді. Бұл кәсіпорындардың қазіргі уақыттағы кемшіл тұстары мен дамуына қажетті құралдарды, тиімділікті арттыратын жұмыстар бойынша тиісті кеңестер берілді. Бұл қызмет бойынша өңіріміздегі «Ясли-сад «Нур – Шапагат» ЖШС, «Мейіржан-Моторс» ЖШС, «Александровский сад» ЖШС, «Айша» ЖК, «Dilza Atelier school» ЖК қызмет алды.

«Бір ауыл – бір өнім» жобасын жүзеге асу бойынша 60-тан астам өтінім қабылданып, 15 тамыз күні «Бір ауыл – бір өнім» жобасының өңірлік көрмесі өтті. Алдын ала құрылған жұмысшы топ көрмеге қатысушылардың өнімдерін бағалау арқылы 10 көрме үздігін анықтады. 12 қыркүйек күні көрме үздіктері өз өнімдерін бренд-комитет мүшелеріне таныстырды. Нәтижесінде 3 кәсіпкердің өнімі үздік деп танылды. Үздік үштік құрамына ұлттық өнімдер, құрт, жент жасайтын Әйгерім Серікбайқызы, қатырылған жеміс-жидектер, пастилалар жасайтын Феруза Басуова, былғарыдан күнделікті тұрмысқа қажетті өнімдер жасайтын қолөнерші Алмакүл Есенқұлова енді.

Екінші бағыты – «Кәсіпке бағыт» жобасы. Жобасы аясында әр өңірдің бейімделген кәсіп түрлеріне арналған кәсіби оқытулар ұйымдастыру бойынша жалпы 5 түрлі салалар Салалық кеңестің шешімімен қабылданып алынды.

– Ірі қара малдың етті бағыты бойынша;

– Сүтті бағыттағы ірі қара малды өсіру;

– Жылыжай кешені бойынша;

– Балық шарушылығы бойынша;

– Бау-бақша шарушылығы.

Қазіргі уақытқа дейін ірі қара малдың сүтті бағыты, ірі қара малдың етті бағыты және балық шаруашылығы бойынша жалпы 45 кәсіпкер өз біліктіктерін арттыру үшін оқыту курстарынан өтіп, оларға сертификат табысталды.

Н.ИМАНҚҰЛОВА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы