ҚАЛА МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӨЗІМІЗДЕН БАСТАЛАДЫ

348 көрілім

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен барлық деңгейдегі әкімдер халық алдындағы есеп берулерін тұрақты түрде атқаруда. Осыған орай, Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің секторларда кезекті кездесуі өтуде. Жалпы өткен жылы қала аумағындағы 6 сектор тұрғындарымен 102 кездесу өткізілді. Кездесулер барысында 1086 мәселе көтерілді. Оның 1060 мәселесі орындалып, тиісті шешімін тапты. 26 мәселе қаражатқа байланысты 2024 жылға орындалу үстінде.

Қала аумағында кәсіпкерлерді қолдау, жаңадан кәсіп ашуға ниетті азаматтарды қолдау мақсатында «Кедергісіз кәсіпкерлік» жобасы іске қосылып, бүгінгі таңда, жоба жұмысын бастады. Кәсібін дамытуға ниетті кез – келген қала азаматтары мен азаматшалары Ұлттық жоба аясында мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз гранттар, жеңілдетілген несиелер мен субсидиялар бойынша барлық мағлұматтарды ала алады. Ендігі кезекте, тұрғындар тарапынан батыл қадам жасап, кәсіппен айналысуға мол мүмкіндік бар. Яғни мемлекет тарапынан кәсіппен айналысуға ниетті азаматтарға барлық мүмкіндіктер жасалуда.

Бұл жолғы кездесулер Отырар секторынан басталды. Жиынды шаһар басшысы 2023 жылы тұрғын алапта атқарылған жұмыстар бойынша баяндамасымен ашып, азаматтарды толғандырған мәселелерін тыңдады. Тұрақты өткізілген кездесулер нәтижесінде өткен жылы отырарлықтардың өтініші қаралып, тиісті бөлімдерге 130 тапсырма жүктелген болатын. Оның 129-ы жүзеге асырылып, бір мәселе қаражатқа байланысты 2024 жылдың жоспарына енгізілді. Бүгінде атқарылған жұмыстар нәтижесінде секторда ауыз сумен қамту деңгейі – 99,5 пайыз, кәріз жүйесімен қамту – 100 пайыз, газбен қамту көрсеткіші – 100 пайызды құраған.

Өткен жылы сектордың төрт көшесіне асфальт, 12 көшеге тас төселіп, 2 көшеге жаяу жүргінші жолы салынды. Бес көше күрделі жөндеуден өткізіліп, Шекті Тілеу көшесіне, Жаңа қала, Қ.А. Яссауи даңғылы аумақтарына 9 аялдама орнатылды. Жолаушылар өтініші бойынша №31, №7, №5А, №8 автобус бағыттарына өзгертулер енгізілді. Көшелер жол қауіпсіздігі белгілерімен – 100%-ға, көше жарықшамдарымен – 90%-ға қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, шағын ауданда 13 жаңа трансформатор орнатылып, жаңадан қоныстанған 36 үйге газ жүйесі тартылды. Биыл жоспар бойынша Шипасу аймағындағы, Мәриям, Қорқыт ата, №105, Жанқожа батыр көшелері мен №28 мектеп аумақтарындағы 12 трансформатор ауыстырылмақ. А.Төлегенов, Мәдениет, Жолымбек, Қостанай көшелеріндегі электр бағаналары жаңартылып, 62 шағын және орта инвестициялық жобалар іске асырылып, 1878 жаңа жұмыс орны құрылады. Шипасу аймағында саябақ салынып, тұрғын алапта абаттандыру жұмыстары күшейтіледі. Одан бөлек, тұрғын алапта жыл соңына дейін 1200 орынды көпсалалы аурухана ашылады деп күтілуде.

САУРАН СЕКТОРЫ СЕРПІНДІ ДАМУДА

Сауран тұрғын алқабында 9 кездесу өткізіліп, 238 мәселе көтерілген болатын. Оның 233 орындалды. Бес мәселені қаражатқа байланысты биылғы жылы орындау жоспарлануда. Атап айтқанда, Қарашаңырақ көшесіне тұрғындар тұратын аумағындағы жолды реттеу жұмыстары, Мұсабеков көшесіндегі аяқ жол құрылысы, М.Төлебаев, Жұбанов көшелері аумағын сапалы электрмен қамту жұмыстары, бірінші мөлтек аудандағы №32, №35А үйлердегі ойын алаңшаларын жаңарту жұмыстары ағымдағы жылы орындалатын болады. Түркістан қаласында 42240 абоненттің 41775 абоненті ауыз сумен қамтамасыз етілген (98,9%).

2023 жылы Сауран секторында үш нысанның құрылысы толық аяқталды. жалпы 60 көшеге ауыз су тартылып, биылғы жылы ауыз сумен қамту деңгейі 99,5% жеткізу көзделуде. Қалада орталықтандырылған кәріз жүйесімен 13 601 немесе 32,2% абонент қамтылған. Түркістан қаласында сарқынды су желісі – 127,25 км, оның ішінде – магистральдық – 39 км, көшедегілер желісі – 40 км, ішкі орамдағы және ішкі ауладағы желілер – 48,2 км құрайды.

«Сауран» секторында сарқынды су жүйесінің құрылысын жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. 2024 жылы 1 нысанның сарқынды су жүйесі құрылысын бастау жоспарлануда. (Баянауыл м/а кәріз жүйесімен қамту). Қосымша, қала көлемін сарқынды су жүйесімен және абоненттік сылымдармен қамтамасыз ету мақсатында жалпы 18 жоба іске асыру көзделген.

Қазіргі таңда 14 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жалпы Түркістан қаласында 42240 электр абонентінің 36669 абоненттері сапалы электр қуатымен қамтылған. «Сауран» секторында электр желілерін кабельдік желіге ауыстырып сапалы электр қуатымен қамту құрылысын бастау жоспарлануда. Қаламызды жол саласы әрдайым күн тәртібінен түспейтін күрделі мәселе. Былтыр Сауран секторында 2023 жылы 5,3 шақырымды құрайтын 4 көшеге орташа жөндеу жұмыстары, 9,5 шақырымды құрайтын 15 көшеге аяқ жол салу, 2 дана аялдама орнату жұмыстары жүргізілді. Биылғы жылы Сауран тұрғын алқабына қарасты, инфрақұрылым жүйесі толық аяқталған 8,1 шақырым құрайтын 24 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін көшелер жаңа қоғамдық көлік бағыттарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, 2024 жылы Сауран – Бекзат тұрғын алқаптарын қосатын жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы және 3,8 шақырым құрайтын Ә.Жангелдин көшесінің құрылысы ағымдағы жылы аяқталатын болады.Сауран тұрғын алабының негізгі көшелерінің бірі болып табылатын Б.Майлин көшесін 1,97 шақырымды ағымдағы жылы жаңғырту жұмыстарын өткізу жоспарлануда. Қазіргі уақытта нысанға жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге ұсынылды.

Қаламыздағы негізгі өзекті мәселенің бірі жұмыссыздық деңгейін төмендету. Сауран секторында жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында 360 жұмыс орнымен қамту мүмкіндігі бар. Оның ішінде

34 шағын, орта және ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда. Жалпы құны 13,8 млрд теңге тұратын бір ірі және 33 шағын, орта жобалар жүзеге асырылады. Бұл жобаларға тоқталатын болсақ, 50 жұмыс орнын қамтитын Мәдениет үйінің құрылысы басталады. 36 жұмыс орнын қамтитын дүкен және Сауда орталықтары бар. 20 жұмыс орнын қамтитын медицина орталығы мен 13 жұмыс орнын қамтитын, азық түлік тауарларын сақтау қоймалары сияқты жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда.

Қала көлемінде әлеуметтік маңызы бар 23 әлеуметтік азық-түлік дүкені жұмыс жасауда, оның 7-і Сауран секторында. Одан бөлек, жаңадан 7 әлеуметтік дүкеннің құрылысы жүргізіліп, қажеттілікке байланысты пайдалануға берілді. Қаламызда 2022 жылы жұмыссыз ретінде 6997 азамат тіркелсе, 2023 жылы 10398-ге артып отыр. Оның ішінде, Сауран секторында 1871 азамат жұмыссыз. Осыған қоса, 2022 жылы 273 қайтарымсыз мемлекеттік грант берілсе, 2023 жылы 150 мемлекеттік гранттар берілді.

Сонымен қатар, жастарға арналған 2,5% шағын несие 39 азаматқа берілді. Жұмыссыздық мәселесін шешуде әкімдік тарапынан барлық шаралар атқарылуда. Бұл мәселені толығымен шешу үшін, тұрғындардың да, белсенділігі маңызды. Оның ішінде ең өзекті мәселенің бірі қала халқының 70256 жастарды құраса, жұмыссыз жастарымыздың саны 6047 (9% құрайды). Ағымдағы жылы «Жасыл ел», «Серпін», «Кәсіптік оқу» «Қайтарымсыз мемлекеттік грант» бағдарламалары арқылы жұмыссыз жастардың санын төмендету көзделуде. 2023 жыл қорытындысымен қала бойынша 39080 отбасы, оның ішінде 3262 аз қамтамасыз етілген отбасыға атаулы әлеуметтік көмек төленді. Сауран секторында жалпы 6725 отбасы болса, 762 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек төленді.

Сонымен қатар, зейнет жасындағы адамдардың салауатты өмір сүруі мен денсаулығына оң жағдай жасау мақсатында 2022 жылы «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» ашылып, сол жылы 774 адамға қызмет көрсетсе, 2023 жылы 2983 адамға қызмет көрсетілді.

Сонымен қатар, бір қуантарлық жаңалық, былтыр Шауғар секторында «Р.Сейтметов атындағы сазды музыкалық драма театры» нысаны күрделі жөндеуден өтіп қолданысқа берілді. Сондай ақ, ағымдағы жылы 500 орындық Тәуке хан көшесі бойында орналасқан «Мәдениет үйін» қолданысқа беру жоспарлануда. Бұл нысандар сектор тұрғындарының бос уақытын дұрыс пайдаланып, қоғамдағы мәдениетті қалыптастыруға және жоғарылатуға септігін тигізеді. Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап қала аумағында «Таза қала» байқауы жыл бойына өткізіледі. «Үздік аула», «Үздік көше» жеңімпаздары анықталып, жыр қорытындысымен марапатталатын болады.

Сонымен қатар, секторда жастар және жасөспірімдер арасында қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын-алу бағытында мәдени-спорттық іс-шараларға белсенді түрде жүргізілмек.

Қала аумағында биылғы жылы үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып маңызды іс-шаралар атқарылу жоспарлануда. Атап айтқанда, қоғамдағы өзекті мәселелерге айналған тұрмыстық зорлық зомбылық, өз-өзіне қол жұмсау, ертежүктілік құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында іс-шаралар атқарылады. Осы шараларға тұрғындардың қатысуы маңызды болып саналады.

2023 жылы қала аумағында құқық бұзушылық саны 695 құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 29,4% төмендеген. Одан бөлек, қоғамдық орындарды ластағаны үшін 4912 азаматқа, абаттандыру жұмыстарын бүлдіргені үшін 1398 азаматқа жолдарды, теміржол өтпелерін және басқа жол құрылыстарын бұзғаны үшін 170 азаматқа айыппұл салынды. Оның ішінде, Сауран секторында 270 тұрғынға тазалық бойынша айыппұл салынып, 420 тұрғынға ескертулер берілді.

БЕКЗАТТАҒЫ БАСТАМАЛАР БЕКЕМДЕЛУДЕ

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков бекзаттық тұрғындармен кездесіп, өтініштерін тыңдады. Жалпы, Бекзат секторында 47 мың тұрғын, 7400 тұрғын үй орналасқан. Онда 118 көше, 5 мектеп, 8 балабақша, 1 аурухана, 84 кәсіпкерлік нысан бар.

Өз кезегінде шаһар басшысы секторда өзекті деген мектеп пен аурухана мәселесі кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді. Сонымен бірге, жиында биыл секторда атқарылатын жоспарлармен бөлісті. Қала әкімінің 2023 жылғы Бекзат секторындағы соңғы кездесуінде 130 мәселе көтеріліп, оның 127-і жүзеге асырылған болатын. Қалған тапсырмалар биылғы жылдың жоспарында тұр. Өткен жылы тұрғын алабында бірқатар тындырымды істер жасалды. Атап айтқанда, ұзындығы 6 шақырым жолға ауыз су жүйесі тартылып, іске қосылды. Нәтижесінде 386 тұрғын үй сапалы ауыз сумен қамтылды. М.Жұмабаев пен Мұстафин көшелері қиылысына жаңа трансформатор орнатылды. Т.Бәйтерекұлы, І. Есенберлин көшелерінде орналасқан көп қабатты екі тұрғын үйге толық жөндеу жұмыстары жүргізілді. Т.Бәйтерекұлы, Есенберлин, Құлан Ақын, Т.Әбуов көшелерінде бес балалар ойын алаңшасы бой көтерді. Тұрғындар өтініші негізінде О.Жандосов, А.Үсенов, Самал көшелеріне 18 аялдама қойылып, №30 қоғамдық көлік бағытына 10 жаңа автобус қосылып, 10 дана жаңа автобус №31 қоғамдық көлік бағытында жұмыс жасауда. Сондай-ақ, 40 көшеге тас, бес көшеге асфальт төселді. Он көшеге жаяу жүргінші жолы салынды. 2023 жылы құрылысы басталған А.Навои және Жәңгір хан көшелеріндегі жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір құрылысы жыл соңына дейін аяқталып, қолданысқа беріледі. Жолаушылар жайлылығы үшін Қалаби көшесі 4 жолаққа кеңейтіледі. Биылғы жылы Бекзат секторы 1200 орындық жайлы мектеппен толығады. Жоспар бойынша сектордағы «Нұр» мектебі аумағына саябақ салынып, екі балалар ойын алаңшасы жасақталмақ. Теміржол вокзалы аумағындағы жаяу жүргіншілер көпірі абаттандырылып, тұрғындар өтініші бойынша №3 қоғамдық көлік бағытына өзгерту енгізілмек. Одан бөлек, 2023 жылдан өтпелі 98 шақырымды құрайтын орталық кәріз жүйесінің құрылысы жүруде. Бүгінде оның 72 шақырымы аяқталды.

ЯССЫ СЕКТОРЫНДА АТҚАРЫЛАР ІСТЕР АУҚЫМДЫ

2023 жылғы кездесулер нәтижесінде секторда 149 мәселе орындау кестесіне қойылып, оның 143 тапсырмасы орындалды. Ал, қалған тапсырмалар 2024 жылдың жоспарына түзілді. Биыл Яссы секторында 50 көшеге асфальт төселеді. Бұл жайында Яссы тұрғын алабындағы кездесуде қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков баяндады. Басқосу қала әкімінің биылғы жылы секторда атқарылатын жоспарлары бойынша баяндамасымен басталып, тұрғындардың толғандырған мәселелері мен ұсыныстарын тыңдаумен жалғасты. Орындалған тапсырмалардың нәтижесінде Т.Бокин көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлер абаттандырылып, төрт қосымша ойын алаңшасымен толығып, үй ауласына 500-ден аса ағаш отырғызылды. Инфрақұрылым саласы бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп, сектордың ауыз сумен қамту көрсеткіші – 98%-ға, кәріз жүйесімен қамтылуы – 95%-ға өсті. Сондай-ақ, мөлтек ауданда 11 шақырым жарық желісі жаңартылып, 3 трансформатор ауыстырылып, 13 жаңа трансформатор орнатылды. Сектор 5000 түп ағашпен, 4 балалар ойын алаңшасымен толығып, Руханият саябағы қолданысқа берілді. Одан бөлек, сектордың 47 көшесіне (50 шақырым) асфальт төселді. Арыс- Түркістан каналы үстінен жаяу жүргіншілер өткелі салынып, Жаңа қала мен 9-шы көшені байланыстыратын көпір құрылысы жүруде. 2А, 2, 4А, 4 бағытындағы қоғамдық көліктер сыйымдылығы жоғары автобустарға ауыстырылып, жүйелі қатынауда.

Ал, биылғы жылғы атқарылатын жұмыстарға тоқталар болсақ, сектордағы Парасат саябағы толық қайта жаңғыртудан өтіп, жер аумағы кеңейтілмек.Төрт трансформатор орнатылып, 18 шақырым электр желісі жаңартылады.

2023 жылы құрылысы басталған 1200 орындық мектеп қолданысқа беріліп, бір балабақша, екі мектеп күрделі жөндеуден өткізіледі деп күтілуде. Оралман, Тұран, О.Жарылқапов пен Қазыбек би көшелерін жалғайтын аймақ көше жарықшамдарымен қамтылады. Сонымен қатар, сектордың 53 шақырымды құрайтын 50 көшесіне асфальт төселеді.

– Құрметті сектор тұрғындары, мәдениетті қоғамды қалыптастыру өзімізден басталады. Тұрғылықты жерлеріңіздегі тазалықты қамтамасыз етіп, әкімдік тарапынан атқарыл-ған абаттандыру, көгалдан-дыру жұмыстарын сақтауға шақырамын,- деді қала әкімі.

Ескендір ЕРТАЙ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы