ЖАЗЫЛҒАН ЖАЙДЫҢ ЖАҢҒЫРЫҒЫ

321 көрілім

Қалалық «Түркістан» газетінің 2023 жылғы №38 нөмірінде «Қараусыз қалған көше» деген тақырыппен шаһардағы Баялиев көшесіндегі келеңсіз жағдайларды баяндаған едім.

Онда көшеге веложол, аяқжолдар, су ағатын тас арық (лоток) салынып, екі трансформатор орнатылып, ағаштар, газон егілгенін, жарық шамдар орнатылып, көшеге жаңадан жан біткеніне тұрғындардың қуанышында шек болмап еді. Көп ұзамай елдің қуанышы су сепкендей басылды. Себебі, ағаштар қурап, газондар семіп өспей қалды. Жарық шамдар бес-алты күннен кейін өшіп қалғанын қынжыла жазған едім.

Жақында көшеге қайтадан жан бітті. Жарық шамдар жанып, қураған ағаштардың орнына жаңа түп ағаштар егілді. Тасарық іші қоқыстан тазартылды. Бірақ Баялиев көшесі мен Жібек жолы көшесі аралығындағы жарық шамдар әлі күнге дейін жанбай тұр. Көшенің бас жағы мен аяқ жағындағы жарық шамның төбесі сынып кеткен. Оны жөндеп іске қосу керек. Жарық шамдардың ток жүретін сымдары ашық-шашық жатыр. Ойын балалары ұстап, токқа түссе, кім жауап береді?

Осы қызмет түрлеріне жауапты әрі тапсырыс беруші Түркістан қаласы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі жұмысты қабылдап алғанда үлкен жауапкершілікпен қарауы керек еді. Осы жұмыстарды орындаған қаламыздың белгілі меценаты Базарбай Мұсабеков. Ол кісі осы жайдан хабардар болса, не дер екен? Жауабын іс жүзінде, немесе газет бетінде күтеміз.

Пернехан СӘРУӘРОВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы