ҰСЫНЫМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТАЛҚЫҒА ТҮСТІ

336 көрілім

Сейсенбіде Түркістан қаласының Қоғамдық кеңес мүшелері өткен жылы қаралған мәселелер бойынша ұсынған өз ұсынымдарының орындалу барысына талдау жасады. Соның ішінде Түркістан қаласы әкімдігінің дербес бөлімдері мен бірқатар мекемелердің басшылары кеңес отырысында ұсынымдар аясында атқарылған жұмыстарын баяндап берді.

Атап айтсақ, Түркістан қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, халықтық кеңсе және қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы өткен жылы Қоғамдық кеңес отырысында ұсынылған мәселелер төңірегінде атқарылған жұмыстарын баяндап өтті.

Мәжілісті жүргізген Қоғамдық кеңес төрағасы М.Атанбаев жауапты сала өкілдері жасаған баяндамасының назарға алынатынын жеткізіп, алдағы уақытта жұмыстарды ширата түсу мәселесі бойынша ойын жеткізді.

«Әсіресе мемлекеттік мекемелер қарапайым халыққа қолжетімді жағдайда жұмыс жасау қажет. Кей жағдайда тұрғындар тарапынан орын алатын наразылықтарға мемлекеттік қызметтің халық мұқтаждығын өз дәрежесінде орындамағанынан бастау алып жататынын назарда ұстаңыздар»,-деген кеңес төрағасы отырыс барысында бірінші кезекте тұрғындардың қажеттілігін орындау барысындағы жұмысқа асқан ұқыптылықпен қарауға шақырды.

Қоғамдық кеңес мүшесі Базарбай Мұсабеков те мәдениет саласындағы жұмыстардың түпкі мақсаты халықтың рухын ояту екендігін, сондықтан бөлім тарапынан ұйымдастырылған шараларда ұлттық құндылықтарды дәріптеуге мән беруді бір сәтке де назардан тыс қалдырмауды ұсынса, Бекахмет Абусейітов бұқаралық спортты дамыту тұрғысында тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттап және оған қамту мәселесіндегі жұмыстарға екпін беру керектігін ұсынды. Сол секілді кеңес мүшелері Қалқабек Искаков, Жамилә Сүлейменова, Мәлік Дәулетов, Тәжібек Мұсаев, Жанбота Тағайбаев күн тәртібінде қаралған мәселелерге өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, сала мамандарының атқарған жұмыстарын бірауыздан назарға алды.

Айта кетерлігі, жиын барысында Түркістан қалалық мәслихатының «Түркістан қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» және «2024 жылы Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің шығарылғанына 35-жыл толуына орай Ауғанстан соғысының ардагерлеріне қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешімдерінің жобасы талқыланып, кеңес мүшелері тарапынан келісім берілді.

«Түркістан-ақпарат».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы