Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына 2023 жылы 1 қыркүйекте жолдаған жолдауының үшінші бағдарында ел болашағына арналған стратегиялық инвестициясында:
«Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе. Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды», – деп атап өтті.
Денсаулық сақтау жүйесінің маңызды міндеті Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2023 жылы басталатын онкологиялық қызметті кешенді жаңғырту болып табылады.
Қатерлі ісікке қарсы күрестің 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспары жоғары тиімді ерте диагностиканы енгізуді, скринингтің тиімділігін арттыруды, мамандандырылған емдеуді, паллиативтік көмекті және оңалтуды дамытуды, сондай-ақ кадрлық ресурстар мен ғылымды нығайтуды көздейді.
Жоспарланған іс-шаралар МӘМС есебінен ерте диагностиканы жақсартуға, мүгедектікті азайтуға және онкологиялық науқастардың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Айта кетерлігі, Қазақстанда жыл сайын онкологиялық аурулар 4%-ға артып, 2022 жылы онкологиялық аурулардың 39 мыңнан астам жаңа жағдайы тіркелген. Бүгінде сәйкесінше 205 мыңнан астам қазақстандық тіркелген. Бұрынғы қатерлі ісікке қарсы 2018-2022 жылдарға арналған кешенді жоспарды жүзеге асыру кезеңінде республикада қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім 15%-ға төмендеді.
Дүние жүзінің ұстанылған пікірі бойынша, скринингтік тексеру кез келген ауруды ерте анықтаудың негізгі принципі болып отыр.
Қазақстан Республикасында кең ауқымды скринингтік тексерулер 2007 жылдан бастап тұрғындар арасында үлкен топтарды қамтуда. Себебі, Қазақстанда жыл сайын 30 000-нан астам қатерлі ісіктердің жаңа жағдайлары анықталып, олардың 50% -дан астамында басқа мүшелерге таралған (метастаз), асқынған, ІІІ-ІVсатысында анықталады.
ҚР денсаулық сақтау саласы 2010 жылы 52% өлімге алып келетін қатерлі ісік алды және қатерлі ісік (сүт безі, жатыр мойны, КРР) ауруларын ерте анықтау мақсатында жүйелі түрде скринингтік тексеруді жоспарға енгізді.
Түркістан облысында қатерлі ісікті ерте сатысында анықтау мақсатында скринингтің үш локализация бағыты бойынша тексеру жүргізілуде, жатыр мойны обыры, (цитологиялық жағындылар), сүт безі обыры (маммография), колоректальді рак (колоноскопия, нәжістегі жасырын қанның анықталынуы).
Сүт безі қатерлі ісігінің анықталынуы маммографиялық тексерудің қорытындысына байланысты ( 40-70 жас аралығындағы әйелдер 2 жылда бір рет өтеді). Көптеген ғылыми зерттеу жұмыстарында маммографиялық тексеру әдісі 20% өлім көрсеткішін төмендететінін көрсеткен.
Жатыр мойны қатерлі ісігін анықтау 30-70 жас аралығындағы әйелдерден 4 жылда 1 рет жатыр мойнынан алынған жағындының цитологиялық тексеруге (рар – тест) дәстүрлік немесе сұйықтық цитология әдісімен жүзеге асырылады. Цитологиялық тексеру әдісі жатыр мойны қатерлі ісігін ерте кезеңде анықтап қана қоймай, сонымен қатар ісік алды ауруларды да дер кезінде анықталынып обырдың алдын алуына әкеледі.
Колоректалдық обырды ерте анықтауға скринингтік зеттеулерге жататын 50-ден 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдерден әр 2 жыл сайын экспресс әдіспен нәжістегі жасырын қанды анықтау (гемокульт тест) арқылы жүзеге асырылады.
(Кестеге назар аударыңыз)
Мақсат: қаржыландыру көрсеткішін 90 % -ға жеткізу
Түркістан облысында 2021-2023 жылдар аралығында жүргізілген онкоскрининг бойынша қатерлі ісікті алғашқы сатысында анықталуы:
-2021 жылы: СБР -31,2%. ЖМР -18,6%. КРР -3,5%
-2022 жылы: СБР -30,4%. ЖМР -19,6%. КРР-1,7%
-2023 жылы: СБР -28,5%. ЖМР- 25,1%. КРР- 1,4%
Әр жылда жоспарланған нысаналы топтағы тұрғындардың міндетті түрде тексеруден өтуі толық орындалғанмен, қатерлі ісік ауруының І-ІІ сатыларында анықталуы төмен деңгейде.
Бұл скринингтік тексеру әдісінің сапасының төмен жүруіне байланысты екені айдан анық. Себебі өткен жылдардағы қатерлі ісік алды қауіп топтарымен жұмыс жасаудың толық игерілмеуі, адамдардың өз денсаулығына деген жауапкершілігігінің төмендігі, нәтижесінде ісіктің көп пайызы асқынған жағдайда анықталуда.
Дегенмен, үкіметтің онкология саласына медициналық ұйымдастыру тарапынан көрсетіліп жатқан іс-шаралар жеткілікті болғандықтан, қатерлі ісік ауруларынан өлім-жітім, аурушаңдық, тұрғындар арасындағы мүгедектіктің мемлекеттік меморандумда оң динамикасы көрсетілгенін де жоққа шығара алмаймыз.
Онкологиялық ауруларды ерте сатысында анықтау үшін алдағы уақытта басшылыққа алатын бағыттар:
– тұрғындар арасында онкоскрининг туралы кең түрде насихат жұмыстарын жүргізу;
– онкоскрининг тексеру әдісінің жүргізілу сапасын жақсарту;
– адамдардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру;
– халық арасында салаутты өмір салтын қалыптастыру мақсатында санитарлық ағарту жұмыстарын күшейту;
Ерғали ИБАДУЛЛАЕВ,
«Талғат клиникасы» ЖШС емханасы Жаңа қаладағы бөлім меңгерушісі, жоғары санатты онколог-маммолог дәрігері, м.ғ.к.
