Түлкібастағы Жаскешу ауылының тұрғыны Назира Телгозиева 2023 жылдың сәуір айында мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында 3 га егістік алқабында қияр өсіруде. Тәулігіне төрт тонна қияр алатын егістікте, 20 адамды жұмыспен қамтып отыр. Егіндік жер, егістік – ауыл шаруашылығында дәнді дақылдарды өсіру үшін қолданылатын егін алқабы. Ол жыл сайын күтіліп, бапталып, суарылып тұрады. Күзде шабылады. Егін жиналады. Егін әр түрлі болуы мүмкін: бидай, арпа, сұлы, көкөністер және т.б. Дүние жүзі бойынша егіндік жер алқабының аумағы 1,3 млрд га. Бұл құрлықтың 10% құрайды. Аталмыш көрсеткіш тұрақты. 1,3 млрд га жердің басым бөлігі бидай шаруашылығына тиесілі. Әлемдік нарықтағы қарым-қатынастың шиеленісті болуына байланысты экономиканың аграрлық секторындағы бәсекелестікті арттыру уақыт талабы. Қазақстанның солтүстігінде дәстүрлі бидай өсірілетін аймақтарда біздің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жаздық рапсқа, бұршаққа, зығырға, тарыға, жемазықтық және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарына көп көңіл бөле бастады. Бұл бір жағынан мал шаруашылығын дамыту үшін өте маңызды, ал, екінші жағынан бидай дәні бағасының тұрақсыздығына байланысты және оның ортадағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қажет.
Егістегі егістік құрылымын одан әрі қарай жетілдіру үшін өңірдегі ауыл шаруашылығы дақылдары өздерінің табиғи мүмкіндіктерін толығымен пайдалана алады. Әсіресе, дағдарыс жағдайының кері әсерін біршама жақсартады және нарықта өз араларында бәсекеге түсе алады және нақты егіншілік элементтерін ауыл шаруашылығында пайдалану арқылы шығынды біршама қысқартуға болады. Егіс көлемінің құрылымында майлы және дәнді бұршақ дақылдары бидайға қарағанда ерте себіледі. Ол өз кезегінде егін себу мерзімі науқанын ұзартады және жұмыстың қауырттығын азайтады. Сонымен қатар, осы аталған дақылдар дәнінің бағасы әлемдік нарықта бидай дәніне, қарағанда 2-3 есе қымбат тұрады. Жемазықтық және жарма дақылдарының себу мерзімі кеш болғандықтан, ауыспалы егіс буынындағы егістіктердегі арамшөптер мен лас-тануы мәселесін тиімді шешеді. Біржылдық және көпжылдық мал азығы дақылдарының көлемін егістік құрылымында ұлғайту арқылы мал шауашылығын арзан мал азығымен қамтамасыз етуге болады. Әртүрлі биологиялық топтардағы ауыл шаруашылығы дақылдарын өсімдік шаруашылығын әртараптандыруға пайдалану арқылы тұрғылықты өндірісте «Қазақстанда жасалған» деген жергілікті өнеркәсіп брендімен өз өнімдерін шығаруға мүмкіндік береді.
«Бүгінде ізденіп еңбек етіп, жеке кәсібін өрлетемін деген азаматқа мүмкіндіктер өте көп. Ең бастысы ерінбеу керек деп ойлаймын. Жолдасым екеуміз осы кәсіпті игеріп келе жатқанымызға біршама жыл болды, отбасылық кәсіп деп айтуға да болады. Бүгінде еңбегіміздің нәтижесін көріп отырмыз. Табысымыз отбасымызға толық жетеді. Қазіргі тағда қиярға сұраныс өте жоғары, сол үшін балаларымыз да арасында көмек беріп, қолдау көрсетеді»,-дейді кәсіпкер.
Егін алқабының басынан келісін көтерме бағада 90-100 теңгеден кәсіпкерлердің өзі келіп алып кететінің алға тартқан отағасы, алынып жатқан қиярлардың басым бөлігі көршілес Сайрам ауданына кетіп жатқанын айтады. Телгозиевтер отбасы мұнымен тоқтап қалмай алдағы уақытта өнім көлемін ұлғайтып, тағы біршама адамды жұмыспен қамтымақ.
Еске сала кетсек, 2023 жылға берілетін мемлекеттік қайтарымсыз гранттың үшінші легі ағымдағы жылдың қыркүйек айында басталады деп жоспарланып отыр.
Сонымен қатар облыс төңірегінде Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауыл округі Қасымбек-Датқа ауылында орналасқан «Бозінген» шаруа қожалығы 1989 жылдан бері егін және мал шаруашылығын қатар өркендетіп келеді. Биылғы жылы бірінші өнімге мал азықтық дақыл жоңышқа егіп, екінші өнімге тамшылатып суару әдісімен 5 гектар жерге қияр еккен.
Кәсіпкер Әбілқасым Мустафаев биылғы маусымда 50 тонна қияр өнімін алған. Егілген голландиялық қияр сортын аудандағы консервіленген өнімдерді шығаратын кәсіпорын сатып алуда. Одан бөлек, өнім жергілікті сауда орындарында да саудаланып жатыр. Шаруашылықта өнім жинау уақытында 15-20 ауыл тұрғыны жұмысқа тартылады.
Осы орайда түркістандық оқырмандар назарына қияр өсіру технологиясы мен қияр өсіру шаруашылығы жайлы ақпараттарды ұсынып отырмыз. Қияр – ең ежелгі көкөністі өсімдіктердің бірі, ол үш мың жыл бойы танымал. Ол – кәді, самсар сияқты асқабақ тұқымдас бір жаздық дақыл. Орта ғасырда гректерден славян халықтары «қияр» деген атты алғаны белгілі. Гректердің «аугурос, огурец, аорос» сөзі «піспеген, пісіп жетілмеген» деген мағына береді. Жаңа жыл санауымызға дейінгі бес мың жыл бұрын осы аймақтарда өсіре бастағаны белгілі. Осы аймақтардан Жерорта теңіз елдеріне, Батысқа да, Шығысқа да тарала бастаған. Ертедегі Египетте, Гректерде, Римдіктерде қияр өсіруді әдеттегідей қарапайым жұмыс деп есептеген. Олар қиярды дәмді тағам деп санаған.
Қияр (лат. Cucumis sativus ) — асқабақ тұқымдасына жататын бір жылдық көкөніс дақылы. Жарық, ылғалды және жылы жерлерде жақсы өседі. Суыққа төзімсіз. Сабағы жатаған не өрмелегіш, бес қырлы, ұзындығы 1,5 м-дей. Жапырағы кезектесіп орналасқан, ұзын сағақты, түкті. Гүлі сары, дара жынысты. Жемісі — қияр . Қиярды үзіп алысымен де, кейін тұздалған күйінде де жеуге болады. Қиярдың құрамында 95—96% су, 4—5% құрғақ зат, құрғақ зат құрамында 2-25% қант, 1% белок, 0,1% май, 0,7% клетчатка, С, В тобындағы витаминдер, каротин, органикалық қышқылдар, эфир майы бар. Қияр дақылы құнарлы борпылдақ құмдауыт, саздақ қара топырақтарда жақсы өсіп-өнеді. Ауыр топырақтарда тамыржүйелері бәсең өседі және қоректік тыңайтқыштар мен ылғалды сіңіретін өнімдерінің кешігіп пісіп, жетілуіне, өнімділігінің төмендеуіне көп әсерін тигізеді. Қияр дақылын солтүстікте көшетпен отырғызу және салқын желдерден сақтандыру өте қажет. Солтүстік Қазақстанда қиярды көшетпен отырғызғандықтан мамыр айының үшінші онкүндігінеде отырғызыла бастайды. Осы уақытта күннің жылуына байланысты көшеттердін жақсы өсуіне оң әсерін тигізеді және үлкен көмек болады. Топырақтың қышқылдылығына бейтарап болуы (РН 5,9-6,1) аналық гүлдерінің қалыптасуын қөбейтеді, бұндай жағдайда өнімдері жоғары сапалы болады. Қиярды жылыжайда өсіру ашық алаңда өсірумен салыстырғанда, жоғары ылғалдылық пен жарықтың жетіспеушілігімен ерекшеленеді. Әсіресе кеш күзде немесе қыс кездерінде өсіргенде, өсімдіктерде калий мен кальцийге кажеттілік туындайды. Жарықтың нашарлауы мен азотты қоректердің жетіспеушілігі туындаған кезде калийлі қоректендіргіштер бергенде, көкөніс дақылдарының жеміс салуы мен өсуін жақсартады.
Қияр жеңіл, ауалануы (аэрациясы) жақсы, құнарлы, қарашіріндісі мол, әсіресе өзен-көл арналарының топырағын тәуір көреді. Ол басқа көкөніс дақылдарына қарағанда жас көңде жақсы өседі. Көкөніс ауыспалы егісінде қиярды ерте пісетін картоптан, қызанақтан, пияздан, асханалық тамыр жемістерінен кейін орналастырады. Қияр 100 ц өніммен топырақтан 30 кг азот, 10 кг фосфор, 33 кг калий ә.е.з. бойынша алып шығады. Қиярдың дұрыс күтімі топырағын қопсыту, арамшөптерін жұлу, жаңа өскен сабақтарын қыстыру және дұрыс суаруда. Ең алғаш топырақ қопсыту жұмыстарын топырақ бетінен сабақтары шыққан соң істей беруге болады. Кейіннен мұны әр 10 күн сайын қайталап тұрады. Қопсыту жұмыстарымен бірге арамшөптерін жұлған абзал. Бірақ тамыр сабағына абай болу керек. Қиярды бірқалыпты, мол суарады. Судың жетіспеушілігі қиярдың тез өсуіне кедергі болады. Қиярды кешке қарай, күн бойы күн астында тұрған сумен суғарған жөн. Бұл қиярдың тамырларының суып кетуіне жол бермейді. Жеміс піскен кезде әрбір 2 апта сайын минералды тыңайтқыштармен тыңайту керек.
Қиярлар біздің елімізде кеңінен тараған көкөніс өсімдіктерінің бірі болып табылады. Оны егу мамырдың бірінші онкүндігінде жүргізіледі, ал уақытша жабында өссе, сәуірдің соңында отырғызуға болады. Олар қатарлап егіледі. Ерте пісетін сорттар үшін қатарлар арасы – 70 см, орташа және кешірек пісетіндері үшін – 90 см. Көктегенге дейін қатарлар арасын қопсытып, арамшөптерден бірден тазартып тұру керек. Қияр өнімін олардың пісіп жетілуіне қарай теріп отыру қажет, себебі піскенерін уақтылы жинамау салдарынан басқа да жемістердің өсуі тежеледі. Шілде айында, жеміс салу күшейген кезде, өнім жинауды әрбір 1-2 күн сайын жүргізу керек. Қияр өнімін жинау барысында жемісті пышақпен кесіп алған жөн, жұлып алу өсімдікке зиянын тигізуі мүмкін, ал ол өз кезегінде өнім беруді азайтады. Сонымен қатар, сабақтарын басып кетпеуге тырысу керек.
Қияр – көкөніс дақылдарын әлемдегі ең көп таралған бірі болып табылады. Оның туған жері Үндістан және Қытай болып табылады. Қазіргі уақытта қияр шамамен 300 мың жалпы ауданы әлемнің барлық дерлік елдерінде өсіріледі. Қияр жемістер басқа азық-түлік (белоктар мен майлар), тәбетті және ас қорытуды жақсартады, бүйрек тастар орган еру, зәр қышқылы кристалдар, артритом ісіктерді жою, атеросклероз алдын алу, семіздік үшін қоректік емдеу ретінде қызмет ете алады. Жемістер асқазан сөлінің себеп ферменттер болып табылады, және сілтілі сипаттағы минералды тұздардың болуы сынған дене сілтілі-қышқылды балансының техникалық қызмет көрсету немесе қалпына келтіру ықпал етеді. Сонымен қатар қиярдың пайдасы жайлы аз-кем ақпаратты ұсынып отырмыз. Қиярдың емдік-шипалық қасиеттерін Антик дәурінде-ақ білген. Гиппократ жас қиярдың жемісін өкпе ауруын емдеу үшін тағамға көбірек пайдалану пайдалы деп есептеген. Қияр жемісіндегі пайдалы калий элементі (148 мг%) адам ағзасынан артық су мен ас тұзын шығаруға әсерін тигізеді және жүрек тамыр жүйесінің нығаюын күшейтіп жақсартады. Қияр жемісін тағамға пайдаланғанда атеросклерозға, толысып семіруге, қан қысымының көтерілуіне қарсы қолдануды ұсынады. Сондай-ақ асқазанды жеңілдетіп босатуға, өт пен зәр жүргізуге жақсы әсерін тигізеді. Адам ағзасының буындарында тұз жиналғанда қиярды бал немесе қант қосып тағамға пайдалануды ұсынады. Қияр жемісінен алынған жас шырынды ішу де өте пайдалы. Қияр жемісінің шырынындағы болатын органикалық қышқылдарды басқа дақылдардың құрамынан кездестіруге болмайды, сондықтан осыны ертедегі Римдіктер зәм зәм суына теңестірген. Қияр құрамының негізін су құрайды. Сонымен қатар, бұл көкөністе А, В, С, РР, Е, К дәрумендері мен кальций, фосфор, магний, темір, натрий, хром, хлор, марганец, никель, кремний және калий минералдары бар.
Оның құрамы үйлесімді және құрамында ағзаға қажетті жасұнық болғандықтан барлық адамға жеу ұсынылады. Бірақ әсіресе, ол мына адамдар тобына пайдалы:
– Қалқанша безі ауруы бар адамдар;
– Ісікке бейімді адамдар:
– Жүрек-қан тамырлар аурулары бар адамдар;
– Семіздікке бейімді адамдар.
Қиярды асқазанында жоғары қышқылдылығы бар, асқазан және он екі елі ішек жарасы бар адамдарға жеуге тыйым салынады. Кей адамдарда қиярға аллергия болады. Егер қияр жеген соң жөтелу, түшкіру, теріге бөртпе шығу секілді белгілерді байқасаңыз, ол аллергия болуы әбден мүмкін. Сонымен қатар қиярдың дәрілік қасиеттері адамға ежелгі заманнан мәлім. Мысалға, Х ғасырда жазылған «Прохладный ветроград» атты орыс кітабында қиярдың шырыны өте пайдалы деп айтылған. Халық медицинасында ішек, асқазан шаншып ауырғанда тыныштандыратын, әрі ауруды басатын дәрі ретінде қияр шырынын ұсынады және шеменді жүрек ауруларына байланысты ісінгенде емдеуге пайдаланылады. Жоғарғы тыныс жолдарына, жөтелге қарсы қияр шырынына бал қосып ішкенде жақсы әсер тигізетінін анықтаған (2-3 ас қасықтан тәулігіне 2-3 рет). Қиярдың шырынын ауыр қол жұмыстарындағыларды инфаркті миокардадан сақтандыру үшін өте пайдалы деп ішеді, оның үстіне ол нерв жүйесін тыныштандыруға және оны нығайтуға әсерін тигізеді деп тұжырымдайды. Тәулігіне 100 мл қияр шырынын ішуді ұсынады. Осыны басқа қара қарақат, алма, қызанақ (2:2:1) және (20:1) шырындарымен қосып пайдаланғанда әсерлік күштері арта түсетіндігі анықталған.
Кавказ халықтарының медицинасында пісіп жетілмеген қияр жемісінің сабағы мен жапырақтарының қайнатпасымен сары ауруды, бауырдың ауруын емдеуге ішкенді ұсынады. Қияр тұқымдарының қайнатпасын бүйрек және қуық ауруларын емдеуге сүргі дәрі ретінде пайдалануға кеңес береді.
Жас қияр шырыны емдік-сақтандырғыш және әдемі-сәндік дәрісі ретінде жоғары бағаланады: бет терісін ағартуға, уылжытып тонусын жақсартып, оған күліңгір барқат түс беруге әсерін тигізеді және осымен қатар бөртпелерді, секпілдерді, безеулерді, пигмент дақтарын жоюға жақсы әсерін тигізеді. Соңғы кездері қияр жемісінен және басқа да асқабақ тұқымдас дақылдардан табылған кукурбитационды паталогиялық ткань рак ауруының өсіп, тарауын тоқтататын мүмкіндігі анықталды.
Қиярдың тамырынан алынған сығындысын СПИД-тің дамуын тежеп, тоқтататындығы мерзімді баспасөз мәлімдемелерінде жарнамаланып жүр.
Қазіргі медицина мамандарының тұжырымдамасында қиярдың құрамындағы никотин сияқты зат бар, темекі тартуды қойғысы келгендерге қиярдың жас жемістерінен бастап, маринадталған, консервіленген және т.б. тағамға пайдалануды ұсынады. Осымен қатар тағы да осы зат альцгеймер ауруына қарсы тұратындығының анықталған.
Қияр жемісіндегі күкірт шаштың түсуінен сақтандырады, тістің, тырнақтың жағдайын жақсартады дейді мамандар.
Қияр жемісінің тағы бір құндылығы құрамындағы йодтың жеңіл сіңірілуінде, ал осы микроэлемент қалқанша безінің жақсы жұмыс жасауын қамтамасыз етеді.
Арықтаудың ең оңай түрі – қияр жеп арықтау. Бүлай арықтау еш қиындық тудырмайды. Жасыл қияр дәмді ғана емес, денсаулыққа өте пайдалы. Қияр ағзадағы зат алмасуды реттеп, ішектерді тазалап, теріні нәрлендіреді. Қиярдың құрамында калория аз болады. Сондықтан ол майлы тағамдардың ағзаға екі-үш сағатта сіңіп кетуіне мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар, көкөністің бүл түрі -белгілі мөлшерде ағзаға қажетті дәрумендерді береді. Қияр жеп арықтауды қолға алған адам, үш күннен соң, артық салмақтан арыла бастағанын байқайды.
