ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ӨҢІРЛІК ӨНІМ КӨЛЕМІ АРТЫП КЕЛЕДІ

268 көрілім

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов айтқан болатын. Оның айтуынша, жалпы өңірлік өнім биыл 9 айда 114,9 млрд теңгені құраған. Оның 37%-ы — ауыл шаруашылығына, 6%-ы — өнеркәсіпке, 53%-ы — шағын-орта кәсіпкерлікке, 4%-ы — құрылысқа тиесілі. Сондай-ақ, аймақта биыл 23,9 млрд теңге инвестиция тартылған. Қазығұрт ауданы бойынша жалпы халық саны 116 577 адамға жетіп, аудан аумағы 409,1 мың гектарды құрайды. Аудан құрамына 13 ауыл округі, 62 елді мекен кіреді. Ауданның ұлттық құрамы: қазақтар – 92,3%, өзбектер – 6,6%, орыстар – 0,3% және өзге ұлттар – 0,8% құрайды. Жалпы халықтың 45 641 адамы экономикалық белсенді, оның ішінде жұмыспен қамтылғаны 43 214 адам, жұмыссыздық деңгейі 5,3%, жастар жұмыссыздығы 4,9% құрады. Ауданның ішкі кіріс көздері өткен жылға 4,9 млрд. теңге жоспарланса, жыл қорытындысымен 5,2 млрд. теңгеге орындалып, 104,9%-ды құрады. 2023 жылға жоспар 6,1 млрд. теңгеге бекітіліп, І-тоқсан қорытындысымен 1,5 млрд. теңгеге немесе 119,8 пайызға орындалды. Өткен жылға аудан бюджеті 25,3 млрд. теңге болып қалыптасып, жыл қорытындысымен 25,2 млрд. теңгеге немесе 99,8 пайызға игерілді. 

– Аудан экономикасының негізгі бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығы саласы. Шаруалардың еңбегінің арқасында өнім көлемі соңғы 3 жылда 1,5 есеге өсіп, былтыр 66,7 млрд теңгеге жеткен. Ауыл шаруашылығында өнім көлемі 53,4 млрд теңгені құрады. Мал шаруашылығында – 33,6 млрд теңге, егін шаруашылығында – 19,8 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Сондай-ақ, ауданда 181 гектарда жылыжайлар орналасқан, оның ішінде 5 гектары осы жылы жаңадан іске қосылды, – деді Азизхан Әзімханұлы.

Ауданда ағымдағы жылы Қақпақ, Ынталы, Жаңаталап фельдшерлік-акушерлік пунктердің құрылыстары жүргізілуде. 2023 жылдың қорытындысымен пайдалануға берілу жоспарлануда. Сонымен қатар, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жобасы аясында 2024 жылдарға Еңбекші, Қызылсеңгір  ФАП-нің және Қызылту дәрігерлік амбулаториясы құрылысын жүзеге асыру үшін нысандардың барлық құжаттары рәсімделіп, салалық басқармаға ұсыныс берілген, қазіргі таңда ЖСҚ әзірленуде. Бұдан бөлек, Қазығұрт ауданында медициналық қызмет көрсету нысандары жоқ 6 елді мекенде медициналық нысандармен қамтамасыз ету мақсатында Қызылдихан, Жіңішке, Үлгілі, Бейнеткеш, Майбұлақ, Шакпак елді мекендерінен медициналық нысандардың құрылысын салу үшін 2024 жылдарға  жоспарлануда. Барлығының жер телімдері анықталып мемлекеттік актісі алынып, сәулет жоспарлау тапсырмасы (АПЗ) әзірленген. 2025 жылдарға Шанақ дәрігерлік амбулаториясы және Айнатас, Ақбастау, Қаржан, Алтынтөбе, Жұмысшы, Махамбет және Майлыошақ елді мекендерінен ФАП құрылысын салу қарастырылуда. Қазығұрт ауданындағы кәсіпкерлік саласы бойынша индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы жоғары. Мәселен, кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімінің көлемі жылдың қорытындысымен – 13,5 млрд. теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 102,1%-ға орындалды. Шалғайдағы аудан үшін бұл жақсы көрсеткіш. Бұдан бөлек ауданға инвестиция тартуда да қол жеткізген жетістіктер жетерлік. Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемінің жылдық жоспары – 25,8 млрд. теңге болып бекітілген болатын. Жыл қорытындысымен – 23,1 млрд.теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 123,6%-ға немесе 4,7 млрд. теңгеге артты. Жалпы бюджеттік емес жеке инвестиция 19,1 млрд.теңге құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,0 млрд. теңгеге артып отыр. Яғни, бюджеттік емес жеке инвестиция бойынша тиісті жоспары артығымен орындалды, алайда бюджеттік инвестиция бойынша аудандағы білім беру мекемелерінің 2022 жылға жоспарланған ғимараттарының 2023 жылға өтпелі болғандықтан, 1-инвест бойынша 4,3 млрд. теңгеге жуық қаражатының есебі статистикалық есептіліктері тапсырылмады. Сонымен қатар, 2023 жылға негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемінің жылдық жоспары – 31,5 млрд. теңге болып бекітілді. Ауыл шаруашылығына жарамды жері 3940 мың гектар, 2935 агроқұрылымы бар. Қазіргі таңда Қазығұрт ауданында аудан әкімдерінің басқаруымен көптеген жаңа ғимараттардың салынуы бой көтеріп келеді. Әр қиылысқа қойылған бағдаршамдардың да рөл ойнайтыны расталған. Сонымен қоса кез келген аудан тұрғыны қиналмай өз заттарын сатып ала алатын орталық базарың да көлемі жыл өткен сайын үлкейуде.

Сондай-ақ өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі – 11,5 млрд. теңгені құрады (жоспар – 8,7 млрд.тг), өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 103,0%-ға орындалды. Ауданымызда шағын және орта кәсіпкерлік жақсы дамып келеді. Бүгінгі таңға жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 12368 бірлікті құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 128,3%-ға орындалды. Осы бағытта ауданымызда 16743 адам жұмыспен қамтылып, олардың өндірген өнім көлемі – 100,4 млрд. теңгеге жетті немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 123,5%-ға артты. Бөлшек сауда өнімінің көлемі – 8,7 млрд. теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 102,2%-ға орындалды. Көптеген кәсіпорындардың өндіріс қарқынының өсуі, жаңа қуаттардың енгізілуі және технологиялық процесті модернизациялау өнеркәсіптік сектордың орнықты дамуына ықпал етеді. Ол үшін ауданымыздағы өндіріс орындарын көбейту үшін «Қазығұрт» индустриялдық аймағына  инвесторлар тартып жаңа жұмыс орындарын ашуды қажет етеді. Ауданның инвестициялық ахуалын жақсарту мақсатында «Қазығұрт» индустриялдық аймағы (35 га) құрылып, кәсіпкерлерге мүмкіншілік жасалды. Яғни, индустриялдық аймақтағы инфрақұрылым жүйелерінің қуатын ұлғайту арқылы қосымша кәсіпорындар, жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда, 10,86 гектар жер телімінде 7,3 млрд. теңгелік 193 жұмыс орнын құрайтын 5 жоба орналастырылған (1.«Асыл бастау.kz» ЖШС-ның «AQUA THE BEST»  атауымен  0,5 – 1,0 – 5 және 19 литрлік ыдыспен ауыз су өндірісі, 2.«CG Foods Central Asia» ЖШС-ның «Тез әзірленетін тағамдар» өндірісі, 3.«Көрік ШҚ» ЖШС-ның «Алкогольсіз табиғи шырынды сусындар шығару» өндірісі, 4.«Отырабат-Құрылыс» ЖШС-ның «Газабетон блогы» өндірісі, 5.«ЮКГУ» ЖШС-ның «Газабетон блогы» өндірісі).

Ауданда 2023-2027 жылдары 18,7 млрд теңгеге 48 инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. Оның ішінде биыл құны 6,5 млрд теңге болатын 41 жобаны іске асырып, 440 адамды жұмыспен қамту көзделген. Осындай жобалардың бірі – «Қарқын-2030» ЖШС-ң облыста теңдесі жоқ заманауи мал сою цехы іске қосылады. Жалпы қуаттылығы тәулігіне 300 бас ірі қара мал сою мүмкіндігі бар. Бұл жобаның басымдылығы – толық цифрландырылған, энергия көзін аз пайдаланады. Бұдан бөлек, биыл «Билол» ЖШС аудандағы индустриалды аймақта «Болат шарларын балқытып шығаратын» зауытты ашуды жоспарлап отыр Онда жалпы 45 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға «Бизнестің жол қартасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру үшін конкурстық іріктеуге қатысып, қорытындысымен 1 азамат грантқа қол жеткізген. Мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсіпкер бүгінде ісін ілгерілетіп отыр.

Мемлекет басшысы шағын және орта бизнестің рөлін күшейтіп, оның ел экономикасындағы үлесін 2025 жылға қарай 35 пайызға дейін жеткізу міндетін қойған болатын. Бұл бағытта «Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы бастау алған. Бүгінгі күнге жалпы құны 40,0 млн. теңге көлемінде кәсіпкерлік бағытындағы 1 жобаға несие берілді. Қажетті несиемен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасын табатын болады.

Айта кетейік, ауданда 62 елдімекеннің 60-ы ауыз сумен, 61-і электр жүйесімен, 49-ы табиғи газбен қамтылған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы