ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛАЛАР ЖАНДАНУДА

234 көрілім

Бұл туралы БАҚ өкілдерімен кездесуде Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова айтты. Шаһар басшысының айтуынша, биыл жыл соңына дейін Арыс қаласында 19,4 млрд. теңгені құрайтын 20 инвестициялық жоба іске асырылып, 354 жұмыс орны ашылмақ. Қаланың әлеуметтік — экономикалық көрсеткіштеріне тоқталатын болсақ, барлық көрсеткіштер оңды динамика көрсетуде. Тек тұрғын үйді іске қосу 13975 шаршы метрді құрап нақты көлем индексі 48,1% құрады.Жеке тұрғын үйлер бойынша13 975 шаршы метр орындалып, өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 113,3% құрады. Себебі бюджет есебінен көп қабатты тұрғын үйдің салынбауынан бекітілген межеге жете алмады.

– Биыл жүзеге асатын жобалар ішінде «Turkistan Agro KZ» ЖШС-ң «Жаңбырлатып суару және мал бордақылау алаңын» айтуға болады. 50 мың ірі қара малды бордақылауға арналған кешеннің жалпы құны – 8,7 млрд теңге. Биыл, бірінші кезеңде 25 мыңға арналған мал бордақылау алаңының құрылысын бастау жоспарланып отыр. Кешен толық іске қосылғанда 60 адам жұмыспен қамтылады. Бұдан бөлек, ірі қара малды азықпен (жем, шөп) қамтамасыз ету үшін 4 500 га аумаққа жаңбырлатып суару әдісімен өнім алуға тағы 8 млрд теңге инвестиция салынбақ. Бүгінгі таңда мал бордақылау алаңына қажетті инженерлік-инфрақұрылымын қамтамасыз ету мақсатында 54 шақырымға жоғары кернеулі электр жарығы тартылған, – деді Гүлжан Мамытқызы.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Жолдауында кәсіпкерлік саласын дамыту мен бизнес идеяларды қолдау шаралары артып, мемлекет бизнеске көмек көрсету ісін жалғастыра беретінін айтқан болатын. Бұл бағытта аймақтарда жүйелі жұмыстар істелуде. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде өткен жылдың қорытындысы бойынша біршама жұмыстар атқарылды.Былтыр 475 үміткер қатысып оның 114 -ті грант алды. 68 жастарға, 46 әлеуметтік осал топтарға берілді. Қазіргі таңда жоспар бойынша 114 адам дара кәсіпкерлік ашып кәсіптерін жасап,137 адамды тұрақты жұмыспен қамтыған. Қала бойынша 5 жылда жалпы құны 93,0 млрд.теңгелік 42 инветициялық жоба іске асырылып, 1209 жұмыс орны құрылады деп күтілуде. Өңдеу өнеркәсіп саласы-10, машина жасау-1, Туризм саласы-2, Білім саласы-9, Агроөнеркәсіп саласы-16, Балық өсіру-4. Транспорт логистика-1. Бұл қазіргі жоспар, алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстардың қарқыны өсетін болады.

Басқосуда белгілі болғандай, өңірде жүзеге асар маңызды жобаның бірі – «Mega-Agat» зауыты. Поливинилхлорид түйіршіктерін және қоспасын шығаратын зауыт жобасының құны 500 млн теңгені құрайды. Жылдық қуаттылығы – 300 тонна. Одан бөлек, кәріз жүйелеріне арналған пластикалық құбырлар мен үй құрылысына арналған бұйымдар шығаратын зауыт жобасының жалпы құны – 800 мың АҚШ долларын құрайды. Тәулігіне 2500 метр пластик құбырларын шығарады. Сонымен қатар, «Mega-Agat» серіктестігі ауқымды жоба құрылысын бастады. Ол – Арыс қаласындағы көліктік-логистикалық орталық жобасы. Бұдан бөлек «MEGA-AGAT» ЖШС Арыс қаласынан транспорттық-логистикалық орталығының құрылысы басталды. Жоба құны 4,0 млрд. теңге. Жобаның мақсаты көршілес ТМД елдерінен алыс-жақын Азия, Европа елдерінен тауар айналымын күшейтіп, халыққа азық-түлік бағасын қол жетімді етіп тұрақтандыру. Нысанның жобасы Европаның «А» стандартына сәйкес болады. Жобаның аумағы 6 га, салынатын ғимараттың көлемі 15000 шаршы метрді құрайды. Оның ішнде 3000 шаршы метрі желдеткішпен жабдықталған көкеніс сақтау қоймасы, 12000 шаршы метрі қатты заттар сақтау қоймасы болады. Еуропаның «А» стандартына сәйкес кешеннің ерекшелігі – көршілес ТМД елдерінен бөлек, алыс-жақын Азия, Еуропа мемлекеттерімен тауар айналымын күшейту арқылы азық-түлік бағасын тұрақтандыру. Сонымен қатар сыйымдылығы 9000 тонна астық сақтау қоймасының құрылысы басталды. Жоба құны 600,0 млн. теңге. Облыс әкімі Д.Сатыбалдының қатысуымен Қытай Халық Республикасының Чжэцзян провинциясы, Ханжоу қаласында Қазақстанның «MEGA-AGAT» ЖШС және қытайлық «Чжэцзян Навэс Индустри энд трэйд КО ЛТД» арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат аясында 10,0 млн. АҚШ доллары көлеміндегі инвестиция арқылы радиаторлар, газ қазандықтары, жылы еденге арналған коллекторлар өндірісі жүзеге асырылады. Өткен жылы ауданда 23,5 млрд.теңге ауыл шаруашылық өнімдері өндірілді. НКИ 110,4% құрады. Облыс бойынша 4 орында. Өндірілген ет өнімі- 8,4 мың тонна. Сауылған сүт –17,8 мың тонна. Жұмыртқа – 7800,5мың дана. Дәнді дақыл –4,8 мың тонна. Бақша өнімдері – 73,6мың тонна. Көкеніс – 14,4мың тонна. 2023 жылы бұл көрсеткішті 25,9 млрд.теңгеге жеткізу жоспарлануда. Түркістан облыстық жер қатынастары басқармасы тарапынан 2023 жылға еңгізілген жоспар 15000,0 гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспары тапсырылған. Алғашқы төрт айдың қорытындысына сәйкес 7292,2 гектар(оның ішінде: 7291,0 гектар жайылым; 1,2 гектар суармалы егістік) жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды немесе тапсырма 48,6 пайызға орындалды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы халыққа Жолдауында: «Шағын және орта бизнестің ішкі жалпы өнімдегі үлесі 2025 жылға қарай
35 пайызға дейін, ал жұмыспен қамтылғандардың саны 4 миллион адамға дейін көбеюі керек», – деді. Президент сол жолғы Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Шағын және орта бизнес халықтың үштен біріне жұмыс тауып беріп отыр. Бір сөзбен айтқанда, оның ахуалы қандай болса – халықтың жағдайы да сондай. Биыл шағын және орта бизнеске қолдау көрсету ең басты назарда болуға тиіс. Үкіметке «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, бір айдың ішінде осыған қажетті іс-шаралар топтамасын әзірлеуді тапсырамын», – деп Жолдаудағы тапсырмасын пысықтады.

Арыс қаласы бойынша жалпы халық саны 79033 адам, қала аумағы 765,4 мың га құрайды. Қаланың құрамына 6 ауылдық округ кіреді. Қаланың ұлттық құрамы: қазақтар-95,4%, орыстар-2,7%, өзге ұлттыр-1,9%. Жалпы халықтың 32,3 мың адамы экономикалық белсенді, оның ішінде жұмыспен қамтылғаны-30,6 мың адам,  жұмыссыздық деңгейі 5,1%, жастар жұмысдық деңгейі 3,6%. 2022 жылы менің және орынбасарларым, дербес бөлім басшылары, ауыл әкімдерімен 799 қала тұрғындарын қабылдап, оның 785-не қабылдау барысында түсіндірме берілді,  14 қанағаттандырылды. Өткен жылы 6 ауылдық округ және қала тұрғындарымен 26 рет кездесіп, 171 үсыныс-пікірлер түсті. 2023 жылы 6 ауылдық округ және қала тұрғындарымен 7 рет кездесіп, 25 ұсыныс-пікірлер түсті. Ұсыныс-пікірлер бойынша іс-шара түзіліп, орындалуы бақылауға алынған. Қаланың әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштеріне тоқталатын болсақ, барлық көрсеткіштер оңды динамика көрсетуде. Тек тұрғын үйді іске қосу  13975 шаршы метрді құрап нақты көлем индексі 48,1% құрады.Жеке тұрғын үйлер бойынша13 975 шаршы метр орындалып, өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 113,3% құрады. Себебі бюджет есебінен көп қабатты тұрғын үйдің салынбауынан  бекітілген межеге жете алмады.

Сонымен қатар биыл Арыс қаласында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 6135-ке жетіп отыр. Олардың ішінде мемлекет қолдауына ие болып, қайтарымсыз грант арқылы кәсібін дөңгелетіп отқандар саны жыл санап көбеюде. Соның бірі – Арыс қаласының тұрғыны Алексей Радивил. Ол өткен жылы Арыс қаласы әкімдігі «Халықты жұмыспен қамту» орталығына жұмыссыз ретінде тіркеліп, «Бизнес бастау» оқуын оқуып, мемлекеттік грантқа қатысу үшін «Ет бағытында бордақылау кәсібі» ісі бойынша бизнес жоспарын ұсынып, жобаны комиссия мүшелерінің алдында сәтті қорғап шыққан.

Нәтижесінде 400 АЕК (1 225 200) көлемінде грантқа қол жеткізіп, қаражатқа төрт бас бұқа сатып алған. Оның үшеуі – қазақтың етті ақбас сиыры.

«Әкем бала кезімде мал бордақылаумен айналысты. Ғаламторды ақтарып, мүйізді ірі қараның толайым табысқа жетелейтініне көзім жетті. Қалалық жұмыспен қамту бөліміне құжат өткізіп, грант жеңіп алдым. Алдағы уақытта ірі кәсіпкерлердің тыныс-тіршілігінен көріп-білгенімді өз кәсібімде қайталап көрмек ойым бар», – дейді 21 жастағы Алексей Радивил.

Жас фермердің айтуынша, қара малдың ішінде оңдысы да, қоңдысы да қазақтың төл малы – ақбас сиыр. Бір жастан асқан бұқашығы 200-215 кг ет береді екен.

Қазақша еркін сөйлейтін Алексей анасы және інісімен бірге отбасылық кәсіпті жандандырып, алдағы уақытта сүтті бағытта да шаруашылықты дамытуды жоспарлап отыр. «Бизнес Бастау» жоба­сының басталғанына бір­неше жыл болды. Бағдар­ламаның игілігін көріп, кә­­сіп ашқандар да баршы­лық. «Бизнес бастау» жобасы «Еңбек» бағ­­дарламасы шеңберінде жү­зеге асырылып келеді. Ал «Еңбек» бағдарламасы жұмыссыздық­ты азайту және монополист ком­пания­ларға бәсекелестік тудырып, нарық­тағы бағаларды төмендету мақ­сатында ұйымдастырылған. «Биз­нес Бастау» жобасы нақты жұ­мыссыздарға және кәсіпкерлікті енді бастаған жандарға арналған. 5 жыл ішінде 185 мыңға жуық қазақ­стандық кәсіпкерлік негі­зін оқып, 53 мың бизнес-жоба жү­зеге асырылды. Яғни, «Бизнес Бас­тау» жобасының әр үшінші түле­гі өз кәсібін бастаған. Жоба тү­лек­тері 70 мыңға жуық жұмыс ор­­нын ашып, 1,5 млрд теңгеден аса салық төледі.

Биылдан бастап жаңа бизнес-­идеяларды іске асыруға берілетін қайтарымсыз грант беру шарттарына өзгерістер енгізілді. Мемлекеттік грант мөлшері 200-ден 400 айлық есептік көрсеткішке дейін артты. Жобаға тіркелу наурыз айының со­ңында басталады. Оқу ұзақтығы – 21 күн. Қатысушы оқу барысында жоба дайындап, қорғап шықса, 1 225 200 теңге көлемінде қайтарымсыз грант ұтып алуға мүмкіндігі бар. Бұған дейін бұл қаржы 584 мың тең­ге болатын. Сонымен қатар бұрын мемлекеттік гранттарға барлық санаттағы азаматтар үміткер бола алса, биылдан бастап тек 29 жасқа дейінгі жастар мен әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтар грант ала алады. Бизнес тренер Бибігүл Кә­кімжанқызының айтуынша, биыл Business.Enbek деген жаңа портал іске қосылады. Бұл портал арқылы кәсіп ашамын деген азамат өз категориясын анықтай алады. Бұрын үміткерлер жұмыспен қамту орталығына тіркеліп, одан кейін «Атамекен» кәсіпкерлік палатасынан оқу басталғанша жолдамаларын күтетін. Жаңа порталдың тиімділігі – осы процестерді жеңілдету. Бес жыл ішінде «Бизнес Бастау» нағыз халықтың жобасына айналды, әсіресе елді мекендерде жобаға деген сұраныс жоғары. Осы уақытқа дейін іске асырылған жобалардың 80 пайызы – ауыл шаруашылығы саласында. Қалған бөлігі қызмет көрсету, сауда, тігіншілік, тамақ өнеркәсібі және басқа бағыттарды қамтиды. Ауылда ашылған жобалардың көпшілігі, шамамен 80 пайызы мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығына тиесілі.

Арыс қаласы бойынша жалпы халық саны 79033 адам, қала аумағы 765,4 мың га құрайды. Қаланың құрамына 6 ауылдық округ кіреді. Қаланың ұлттық құрамы: қазақтар-95,4%, орыстар-2,7%, өзге ұлттыр-1,9%. Жалпы халықтың 32,3 мың адамы экономикалық белсенді, оның ішінде жұмыспен қамтылғаны-30,6 мың адам,  жұмыссыздық деңгейі 5,1%, жастар жұмысдық деңгейі 3,6%. 2022 жылы менің және орынбасарларым, дербес бөлім басшылары, ауыл әкімдерімен 799 қала тұрғындарын қабылдап, оның 785-не қабылдау барысында түсіндірме берілді,  14 қанағаттандырылды. Өткен жылы 6 ауылдық округ және қала тұрғындарымен 26 рет кездесіп, 171 үсыныс-пікірлер түсті. 2023 жылы 6 ауылдық округ және қала тұрғындарымен 7 рет кездесіп, 25 ұсыныс-пікірлер түсті. Ұсыныс-пікірлер бойынша іс-шара түзіліп, орындалуы бақылауға алынған. Қаланың әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштеріне тоқталатын болсақ, барлық көрсеткіштер оңды динамика көрсетуде. Тек тұрғын үйді іске қосу  13975 шаршы метрді құрап нақты көлем индексі 48,1% құрады. Жеке тұрғын үйлер бойынша13 975 шаршы метр орындалып, өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 113,3% құрады.  Себебі бюджет есебінен көп қабатты тұрғын үйдің салынбауынан  бекітілген межеге жете алмады.

Жалпы, Арыс қаласында инвестиция тарту өте қарқынды жүргізілуде. Биыл қала әкімі Гүлжан Құрманбекова бастаған арыстық делегация Қытай Халық Республикасына іс-сапармен барған болатын. Құрамында жергілікті кәсіпкерлер бар делегация іс-сапар барысында бірқатар қытайлық зауыттарды аралап, маңызды келіссөздер жүргізді. Нәтижесінде, алдағы жылдары арыстық кәсіпкерлер қытайлық компаниялармен бірлесіп, қағаз өнімдерін өндіру, пластмасса өңдеу, тұрмыстық қажеттіліктерге арналған өнімдер шығару, түсқағаздар, санитарлық-гигиеналық қағаз бұйымдарын шығаратын өндірістік цех ашуды жоспарлап отыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы