ТҮРКІСТАН: ЖАСТАР ЕҢБЕК АДАМДАРЫНА ЖЫЛУЛЫҚ СЫЙЛАДЫ

236 көрілім

Рухани астанада еңбек көрігін қыздырып, қала тұрғындарының әлеуметтік тұрмысын жақсартуға, шаһар тазалығын сақтауға өз үлестерін қосып жүргендер аз емес. «Еңбек түбі – береке» деген сөзді жан дүниесімен сезінетін, жүрегі мейірімге толы жастар еңбек адамдарына жылулық сыйлады. Киелі шаһардың тазалығына үлес қосып жүрген 100-ге жуық адамға тегін шәй мен ыстық нан таратты. Аталған іс-шараны Облыстық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған.

Орталық мамандары мен еріктілер қала көшелерінде, аялдамаларда және саябақтарда өткен шараға белсене қатысты. Осылайша тазалық жанашырларының алғысын алып қайтты. «Еріктілер үнемі келіп, көмектесіп тұрады. Қыз-жігіттерге алғысымызды білдіреміз. Мұндай аязды күндері бір шыны-аяқ шайдың өзі денеге де, жүрекке де жылу сыйлайды» – деп қала тұрғыны өз тілегін жеткізді.

Айта кетейік, іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда, өскелең ұрпақ арасында мейірімділік, қамқорлық сезімін қалыптастыру, қайырымдылықты насихаттау, жастарды үлкенге құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Аяз уақытында қала тұрғындарына және қаланың көркеюіне өз үлестерін қосып, көше тазалығымен айналысып жүрген азаматтарға ыстық шәй ұсынып көңіл бөлу, қызметкерлердің жандарына жылу ұялату.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде әділетті Қазақстанда еңбек адамына ерекше құрмет көрсетілетіні туралы айтты. Өте орынды пікір.

Кешегі кеңес заманында еңбек адамына ерекше құрмет көр­сетілді. Қоғам байлығы қара­­­пайым құрыш қолды адам­дар­дың маңдай терімен жинал­ды. Заманында кеңшар, астық қа­былдау кәсіпорнының ди­рек­торы болып қызмет істеп жүр­­ген кезімізде алды­нан жұ­мыс үркіп тұратын еңбек адам­дарының қажырлы, қай­ратты ісін көріп сүйсінетін едік. Уақыт­­пен санас­пай ерен еңбек­тің кө­рігін қыздырған дала ер­лері әсіресе науқандық жұмыс кезін­­де күнді түнге, түнді күнге ұлас­­тырып, кірпік ілмей қаре­кет ететін. Озаттардың еселі еңбегі өзге­лерге үлгі етілетін. Олар­дың су­реттері Құрмет тақта­сына ілініп, әрқилы жарыстарда жеңімпаз атанып, мақтау ма­ра­паттауға ие болды. Осының өзі ең­бек адамдарын топтастыра түсті, жігерлерін жаныды, көкі­рек­­теріне өлшеусіз күш-қуат құйды.

Ел Президентінің еңбек адамдарын бағалау, құрметтеу туралы лебізін естіген кезде бас көтер­мей жұмыс істеген жастық ша­ғым көз алдымда қылаң берді. Қазір ауыл шаруашылығы құры­лым­дарында механизатор, ком­ба­йн­­шылар жетіспейді. Жұмыс беру­шілер өзге де мамандарға зәру. Осының барлығы – соңғы жыл­дары қарапайым еңбек ада­мын қадірлемегендіктен. Сондықтан жастар жағы еңбек ету­ге құлықсыз. Кешегі дәстүр сабақт­астығы үзілді. Осы бір түйін­ді мәселені Мемлекет бас­шы­сы өте дұрыс аңғарып, қоғам­ды олқылықтың орнын толтыруға шақы­рып отыр. Түптеп келгенде, бұл – елдің өте ауқымды, маңызды шаруасы. Жалпақ жұрт­ты іргелі істерге бағыттап, кең ауқымды жұмыстар іс тындыру үшін қоғамға пайдалы кез келген маман­дық иесі құрметтелуі керек.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы