«ӘЖЕ – ҰЛТ ҰЙЫТҚЫСЫ» ТАҚЫРЫБЫ АЯСЫНДА ӨТКЕН «АЯЛЫ ӘЖЕ» ФОРУМЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ҮНДЕУІ

272 көрілім

Біз, Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өткізілген «Аялы әже» форумына қатысушыларға отанымыз Қазақстанда тарихи кезеңде «Ұрпақтар сабақтастығы» жөнінде баршаңызға Үндеу арнап отырмыз.

Аға буын өкілдерінің ұрпақтар сабақтастығы бойынша мақсаты – жастардың ұлттық мәдениетін, ана тілін, салт-дәстүрлерді және адами құндылықтарды сақтауға, оны жаңғыртуға, ұлттық және мәдени бірегейлікті дамытуға үлес қосу.

Еліміздегі жасампаз жаңалықтар, орасан зор саяси оқиғалар бәрімізге жоғары жауапкершілік жүктейді. Бірлік пен ынтымақта, татулық пен тұрақтылықта және бірлесе атқарғанда ғана алға қойған мерейлі мақсаттарға қол жеткіземіз.

Әсіресе, жаһандану саясаты дендеп тұрған шақта ұрпақ тәрбиесіне ұлт келешегіне аса көңіл бөліп, ұрпақтар сабақтастығын жарасымды жалғастырып отырған аға ұрпақ өкілдері, яғни, ардагерлер ұйымының жұмысы Мемлекет басшысының сарабдал саясатымен де үндесіп жатыр. Мемлекет басшысы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында, «…. ең бастысы, қоғамдық сана, азаматтардың ниеті өзгеруі керек, ұлттың жаңа санасын қалыптастыру, әрбір азаматымыз, әсіресе, жастар ең жақсы қасиеттерді бойына сіңіруі қажет» деп атап көрсетті. Сонымен бірге, ол: «Бала тәрбиесі – ең алдымен ата-ананың міндеті, ал мектеп – білімнің ғана емес, тәлім-тәрбиенің ордасы» деп қадап айтты.

Ұрпақтар сабақтастығын жарасымды жалғастыруда, ата-бабалар аманаттарына адалдықтан айнымай алға апаруда, бала тәрбиесі және отбасы құндылықтарды, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды насихаттауда әжелердің орасан зор орны бар екені, олардың өлшеусіз рөл атқаратыны ақиқат. Сондықтан «Аялы әже» форумының аясындағы басқосуында айтылған ұсыныстарды, ортаға салынған ойларды, парасатты пікірлерді ескеріп, баршаңызды жұмыла жұмыс жасауға шақырамыз!

Үндеу 2023 жылғы 22 қарашада Түркістан қаласында өткен «Аялы әже» форумында қабылданды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы