БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ

565 көрілім

Жаңа жыл – ересектерге жаңа үміттің бастауы болса, балаларға қуанышқа толы мереке. Әр баланың асыға күтетін басты мейрамы жақындаған сайын балаларды қуантуға бізде асығып тұрамыз.

Осы мақсатта Түркістан облысы бойынша іскер әйелдер қауымдастығы жылдағы дәстүрінен жаңылмай, үйде оқытылатын ерекше балаларға базарлық жасады.

Бұл жолғы қайырымдылық акциясына Түркістан облысы мәслихаттығына Түркістан қаласынан сайланған бірнеше депутаттар да үлес қосты. 75 бала демеушілер тарапынан жиналған қаржыға алынған тәттілер салынған сыйлық пен копилкаларға ие болды. Қаланың түрлі шағын аудандарында тұратын балалардың үйіне 4 топқа бөлініп, Аяз ата мен Қарша қыз, іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері арнайы барып, құттықтап қайтты.

Жаңа жылдық көңіл-күйді көтеріп, балғын жүзді балапандардың күлкісін арттырған ұйымдастырушыларға ата-аналар дән риза. Ал, бүлдіршіндер Аяз атаға тақпақтарын айтып берді. Иә, кезінде атам қазақ «Берсең, балаға бер», «Қуантсаң, баланы қуант» дегенін білеміз.

Осы қағиданы берік ұстанған қауымдастық құрамы балаларды қуантуды жылда жалғастыратындығын жеткізді. Себебі, баланың бәрі – бақытты болуы үшін жаралған дейді олар.

©️Ақмарал Ғаниқызы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы