ТҮРКІСТАННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛЫН КӨТЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСАДЫ

379 көрілім

Облыс орталығы – Түркістан қаласының даму қарқыны қалай? Қандай мәселелері бар? Туристік, өндірістік әлеуетін көтеру үшін не істеу керек? Осы сұрақтарға облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте жауап ізделді.

– Туризм саласы – қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер тигізетіні сөзсіз. Сондықтан мәдениет және туризм басқармасымен бірлесе отырып, туризмді дамыту үшін қолайлы жағдай жасау қажет. Алдыңғы кездесуде Түркістан қаласының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 4 нысанның құрылысын 1-ші желтоқсанға дейін аяқтауды тапсырғанмын. Екі нысан әлі тапсырылмаған. Қатаң бақылауға алу керек. Жыл сайын үйлердің келбетін ретке келтіруге, жолдарды жөндеуге қаражат бөлінуде. Бірақ кемшіліктер анықталуда. Ол толық талапқа сай етіп жасалсын. Тұрғындарды да үйлерді сәні, біркелкі етіп ұстауға үгіттеу керек. Қаланың кіріс көздерін табысын ұлғайту шарт. Жаңа кәсіпорындарды ашуға бар күш-жігерді салып, қаланың инвестициялық климатын жақсартқан жөн. Бұл үшін барлық ресурстар бар. Жаңа өндіріс орындарын ашып, тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуге басты назар аударыңыздар, – деді Дархан Сатыбалды.

 Мәжілісте Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады. Оның айтуынша, қазіргі таңда қала әкімдігі жанында «Халықтық кеңсе» мен «1310» Бірыңғай байланыс орталығы тұрғындардың өтініштерімен жұмыс істеуде. Сонымен қатар қала аумағында 6 сектор құрылып, тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста өзекті мәселелерді шешуге өз үлестерін қосуда. Өзіндік кірістердің көлемі 2022 жылдың қорытындысымен 15 млрд. теңге болса, 2023 жылға 20,1 млрд. теңге болып нақтыланды немесе өсім 34% пайызды құрады.

Қала активімен өткізілген кезекті жиында шаһар басшысына, басқарма басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Кемшіліктер екшеліп, жоспарлар жасалды.

Бұдан кейін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының жеке қабылдауына жазылған түркістандық азаматтар түрлі мәселені ортаға салып, көкейде жүрген сауалдарына жауап алды. Өңір басшысы еркін форматтағы ашық есік күндерін тұрақты түрде өткізіп келеді. Тұрғындар көтерген өзекті мәселелердің басым бөлігі бүгінде жүзеге асуда. Облыс әкімі қабылдауға келген азаматтардың мәселелері жан-жақты зерттеліп, шешімі заң талаптарына сәйкес қарастырылатынын жеткізді. Қабылдауға жазылған өзге де азаматтар осылайша заң аясында нақты жауаптар ала алды. Бірқатар мәселе бойынша жауапты басшыларға тапсырмалар жүктеліп, хаттама толтырылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы