«ЕР ТҮРІКТІҢ БЕСІГІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

411 көрілім

Фараб кітапханасында Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет және туризм басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне және Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына арналған «Ер Түріктің бесігі» атты облыстық ақындар айтысы өтті.

Аламан айтысқа облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, облыстық мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев қатысып, құттықтады. Дүбірлі додаға Түркістан облысының елімізге белгілі 16 айтыскер ақыны бақ сынады. Бірінші кезеңде жұптасып, тамаша айтыс көрсетті. Екінші кезеңге 4 ақын өтіп, шын жүйріктер анықталды. Сөз сайысына айтыскер ақын «Алтын домбыра» иегері Бекарыс Шойбеков, жазушы, айтыскер ақын Бөрібай Оразымбетов, үш дүркін «Алтын домбыра» иегері, айтыскер ақын, Мұхтар Ниязов төрелік етті.

Қазылар алқасының шешімімен 1 млн. теңге қаржылай жүлдесімен Нұрмахан Жақыпбек (Арыс қаласы) бас жүлде иегері атанды. Жүлделі І орын Аян Ниязбекке (Төлеби ауданы), жүлделі ІІ орын Дәурен Ақсақаловқа (Отырар ауданы), жүлделі ІІІ орын Қажымұхан Абзалов (Бәйдібек ауданы) пен Ахметрасул Баянбайға (Отырар ауданы) және Анар Жаппарқұловаға (Отырар ауданы) бұйырды. Сондай-ақ Нұрдәулет Өмірбек (Түркістан қаласы), Нұрлыбек Мейірманов (Бәйдібек ауданы), Қалижан Білдәшов (Созақ ауданы), Нұрлан Есенқұлов (Арыс қаласы), Біржан Байтуов (Бәйдібек ауданы), Дәурен Ысқақ (Келес ауданы), Мейіржан Жақып (Отырар ауданы), Исламхан Мұхамедхан (Түркістан қаласы) марапатталды.

Ал «Тұран» номинациясын Шахмардан Бекарысұлы (Түркістан қаласы) және «Ең жас айтыскер ақын» номинациясын Аллажар Бекмұратұлы (Қазығұрт ауданы) иеленді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы