Напалеонның нағыз бейнесі

1  259 көрілім

Фильм режиссері Ридли Скотт – біздің заманымыздың ең қызықты режиссерлерінің бірі, кем дегенде, оның әрбір фильмі алдыңғысынан айтарлықтай ерекшеленіп отырады.2023 жылы қарашада ұсынған Напалеон фильмі мақтауға тұрарлық па?

Фильм Парижде француз патшайымы Мари Антуанеттаның өлім жазасына кесілуінен басталады, оған жас әскери адам Наполеон Бонапарт та қатысады.

Наполеон Тулон қаласында генерал  қызметінде жүріп,өміріндегі өзі мойындағын әйелі Джозефинамен кездеседі. Бұл олардың қарым-қатынасы фильмдегі оқиғаның негізгі арқауына айналады.

Жаңа фильм сценарий тұсынан сәтсіз туынды деп ойлаймын.

Біріншіден, фильмде басты кейіпкерлер – Наполеон мен Джозефина өте нашар сипатталған – бұл екеуі бір-бірін неліктен жақсы көретіні түсініксіз. Иә, Ванесса Кирби ойнаған Джозефина шынымен әдемі әйел, бірақ сценарий бойынша жезөкеше,бедей әйел ретінде көрсетіледі.Напалеонмен қарым-қатынасы қазіргі заманынның  нағыз абьюзивті қарым-қатынасы ретінде суреттелген.

Екіншіден, Наполеонның өзі тым бос және қызықсыз әрі күлкілі кейіпкер ретінде танылуы

Әңгіме тіпті нағыз Наполеонның өте жігерлі және белсенді адам болғанында емес, сценарий тұрғысынан оның Джозефинаға деген сүйіспеншілігінен бөлек, мүлде амбициясы жоқ пассивті кейіпкер  ретінде алынғаны.Францияның ұлы патриоты,  фильмде көрсетілген шайқастарда көрсеткен даңқты сәттерін қоспағанда, нағыз боскеуде,күлкі кейіпкер ретінде көрсетіледі.

Дегенмен, Скотттың фильмінде сәтті шыққан тұстары да бар.Бұл шайқас көріністері.18-ші ғасырдың соңы мен 19-шы ғасырдың басындағы соғыстарды қысқартусыз көрсетіп,ұрыс алаңын шебер түсіре білген.

Қорыта айтқанда,режиссер екі ғасыр бұрынғы әскери басшыларды айыптап, соғыстарды шебер көрсете алғанмен,тарихтағы ұлы тұлғаның тамаша тұстарын ашуды ұмытып кеткен.

Әбдіжапар Айман

ХҚТУ, 4 курс студенті

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы