Ермек Тұрсынов оскар кино жүлдесінің шет тілдегі ең үздік фильм категориясына уақытында “Жат” және “ Шал” фильмдерін ұсынған танымал режиссер. Бүгінгі таңда кинодраматургтың “ Кемпір” фильмін қозғаймыз. Қысқаша мазмұнына келетін болсақ:
Қиырдағы қазақ ауылында Қайырғали деген шал мен Күлпәш деген оның кемпірі тұрып жатыр. Тұрғындары кейде әзілдеп шалды “ қортық Қайырғали” деп айтады. Шал кемпірін мектеп кезінен бері біледі. Олар бірге өмір сүріп келе жатқанына қырық жыл болған. Қайырғалидың Байбет және Сәскебай деген достары бар. Олар да кезінде Күлпәшқа ғашық болған екен…

Біріншіден фильмде назар аудартатын дүние ол – диалог. Ермек Тұрсынов өзі кинодраматург болғандықтан адамдар арасындағы диалог сауатты, әрі ел аузындағы жеңіл әзіл- қалжыңға негізделген, бірақ бұл абстракция. Қазір де сол контексттердің бірін айтар болсақ “тағы да бір ұл тудыруға қауқарым жетеді”, – деген футбол десе, ішкен асын жерге қоятын қоятын атаның сөзі. Өзінің қырық жыл бірге жасаған, сүйген жұбайын тек жатыр бейнесінде сипаттағаны. Қайырғалидың достары Байбет пен Сәскебайда диалог арасында әйелінің бес қыз туғанына кінәләп, әйелді тек туушы адам ретінде немесе жатыр кейіпінде айтқаны қатты қынжылтады. Әрине, режиссердің айтуынша комедиялық жанрда түсірілген бұл фильмнің бұндай диалогтармен нені айтқысы келгені белгісіз.
Екіншіден фильмді қазақ мәдениетінен хабары жоқ шет елдік сыншылар көрсе педофилияға шақыру деп білетін еді. Егер де фильмді мұқият қарайтын болсаңыз Қайырғали және оның достарының әңгімесінен 80 жасар шалдар 16 жастағы қыздарға үйленіп жасарып отыруын мысалыға келтіруінде. Жас өспірім қызды сексуалды тұрғыда сипаттап бергені негізі педофилизмді пропагандалағаны ма? Бәлкім фильмді Америка әлде Еуропада көрсетсе Ермек Тұрсыновты сотқа берермеді.
Үшіншіден, әзіл-оспақ постер мен жылы әзілден тұратын фильм бірден комедия секілді, бірақ мұқият болсаңыз баяндау құрылымы біршама басқаша. “Кемпір” – егде жастағы адамдардың өміріндегі белгілі кезеңнің бір бөлігі. Жаңа реңдерге боялған, әзіл-қалжынымен жақсы бітірілген фильм жастардың көңіліне бірден қонады. Бірақ бұл алдамшы сезімнің астындағы әр-бір әрекетке, айтылған сөзге мән беру қажет. Атауына қарап Күлпәш апа басты рөлде деп ойласаңыз қателесесіз, Қайырғали ата, немересі, атаның достары рөлдерде жиі кездеседі. “Кемпір” фильмі болғанымен рөлде апамыз емес.

Түйіндей келгенде, Ермек Тұрсынов мықты режиссер. Оның фильмдері қызықты, әрі көрерменді бірден баулап алады. Ол сондай-ақ оқиғаның құрылымын және режиссердің көрерменді қалай соңына дейін жеткізуге болатынын жақсы біледі. Бірақ комедия жанры бәрібір де бөлек. Сондықтан, менің пікірімше “Кемпір” комедия емес, қазақ киносында сирек кездесетін лирикалық оқиға.
Аяулым Әбдірахман,
Ахмет Ясауи университетінің
4 курс студенті
