Халық қалаулыларының қатысуымен Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс тоғызыншы сессиясының отырысы өткізілді.
Жиынды қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сарсенбаев ашып жүргізіп отырды. Сессия отырысына қала әкімінің орынбасары Талғат Төлегенов, қалалық мәслихат депутаттары және дербес бөлім басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Жиын барысында сессияның күн тәртібіндегі Түркістан қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифіне келісім беру туралы және Түркістан қаласы әкімдігінің дербес құрамын бекітуге келісім беру туралы екі мәселе қаралды.
Айтылған мәселелер бойынша баяндама тыңдалып, депутаттар тарапынан біршама сұрақтар қойылып, ол өз деңгейіндегі жауаптармен толықтырылды. Көрсетілген барлық мәселе бойынша ұсыныстар бірауыздан мақұлданып, шешім қабылданды. Жиын соңында мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев сессияны қорытындылады.