ЖАСТАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

274 көрілім

Қазақстан Халық партиясы Түркістан облыстық филиалы  “Жастарды жұмыспен қамту мәселері” бойынша Түркістан көп салалы индустриалды-техникалық колледжінде жастармен кездесу өткізді. Шараға Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Қонарбай Аманкелді, Түркістан облыстық жастар ресурстық орталығының жауапты өкілі Жарылқасын Жанәділұлы қатысты.

         Жиынды жүргізген ҚХП Түркістан облыстық филиалдың төрайымы Зухра Қамбарова екі миллионнан астам түркістандықтардың 654000 құрайтын жастардың басты мәселесі – жұмыссыздықты сөз етіп, осы мәселемен айналысатын құзырлы орындардың мәліметімен бөлісті.

       «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңына өзерістер енгізіліп, 2023 жылдан бастап жастар санаты 14 жастан бастап 35 жасқа дейін ұлғайғанын тілге тиек етті. Сонымен қатар 2029 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясаты туралы тұжырымдама қабылданды. Онда жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлікке баулу, заманауи құндылықтар мен патриоттық тәрбие, салауатты өмір салты, NEET санатындағы жастар үлесін төмендету, сондай-ақ ауыл жастарын қолдау мәселелері қарастырылған.2023 жылы жұмыссыз жастар мен NEET жастардың үлесін азайту мақсатында 12 мемлекеттік бағдарлама аясында 38 757 жасты жұмыспен және оқу гранттарымен қамту жоспарланған болатын. Жастарды аталған мемлекеттік бағдарламалармен қамту және ақпараттандыруға аудан, қалалық жастар ресурстық орталықтары тиісті түрде насихаттау жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі күнге дейін мемлекеттік бағдарламаларға 37 684 жас тартылды.Қазіргі таңда орталықтарда мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында 280 926 жасқа кеңес берілді. Ресми мәлметтерге сүйенсек, Түркістан облысында 2023   жылдың IІІ тоқсан қорытындысы бойынша 15 пен 35 жасқа дейінгі жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 1,7% құрайды. Ал NEET санатындағы жастардың саны 58 510 жас, пайыздық үлесі 9,8% құрайды.2023 жылы «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасын» жүзеге асыру мақсатында 47 687 (48,8%) жасты жұмыспен   қамтуға   жолданды. Оның ішінде: тұрақты жұмыс орындарына        16 634 (47,3%) жас жұмыспен қамтылды. Жұмыс орындарын субсидиялауды ұйымдастыруарқылы кәсіпкерлікті қолдау уақытша жұмыс орындар сипатындағы жұмыспен қамту шараларына 17 188 жас (49,1%) құрады.

  Жиында  Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы  Қонарбай Аманкелді аймақтағы жастар практикасы бағдарламасының орындалуы туралы баяндама жасады.

    Кездесуде жастар жұмыссыздығы жөнінде келелі әңгіме қозғалып, мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдаулар туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқу орны түлектерінің жұмысқа орналасу туралы бағыт – бағдар берді.  Қазақстан Халық партиясының ардагері Ғаламзат Нұрышев жиналған жастарға жол сілтеп, ақ батасын берді.

Зухра Қамбарова,

«Қазақстан Халық партиясы» ҚБ

Түркістан облыстық филиалының төрайымы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы