Бұл туралы «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева Түркістан облысында өткен баспасөз туры барысында мәлімдеді. Қор басшысының айтуынша, соңғы төрт жылда облыста 23 әлеуметтік жоба іске асырылуда. Жобаларды халық арасында кеңінен таныстыру мақсатында бірқатары қоғам назарына ұсынылды.
Қоғам белсенділері аралаған әлеуметтік нысандардың алғашқысы еліміздегі жалғыз арнаулы кәсіптік колледжден басталды. Ағымдағы оқу жылында «Samruk-Kazyna Trust» қоры компаниялар тобы атынан мүмкіндігі шектеулі студенттерге лифт орнатып берген. Оқуға құштар, бірақ мүмкіндігі шектеулі жандар бұған дейін қоларбаларын бірінші қабатқа тастап, жоғарыдағы дәрісханаларға сатымен көтеріліп әуреге түсетін еді. Енді Қордың қаржылай қолдауының арқасында 15-35 жас аралығындағы тірек-қимыл жүйесі бұзылған колледж оқушыларының білім алу жолындағы тауқыметі жеңілдеді. Жобаның құны 36 миллион теңге.
Пресс-турдың екінші нысанында жиналған көпшілік «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қорымен серіктестікте іске асырылған «Саламатты Болашақ» жобасының жұмысымен танысты. Бүгінде осы жоба аясында ерекше балалар бейімделген спортпен шұғылданады. Олар белсенді өмір салтын ұстанып, бочча секциясы арқылы ой-санасын сергітеді, денесін шынықтырады. Бүгінде жоба аясында еліміздің 21 қаласы мен кентінде жыл сайын 1000-нан аса ерекше бала спорттың 10 түрінен тегін секцияларға қатысып жүр. Жобаның құны 582 миллион теңге.
Қор әрдайым әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды қолдауға ерекше назар аударып келеді. Осы орайда қонақтарға «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауының қолдан саңырауқұлақ өсіріп жатқан жобаның жұмысымен танысты. Бүгінде жоба аясында мүмкіндігі шектеулі 4 азамат жұмыспен қамтылып отыр. Айта кету керек, жоба Қор арқылы 3 млн грантқа ие болған, бүгінде өңір халқына өз жемісін беруде.
«Самұрық-Қазына» Түркістан облысында 1,8 млрд теңгеге әлеуметтік жобаларды іске асырды
268 көрілім