ТҮРКІСТАН: ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ ЖАСАЛУДА

197 көрілім

Қазіргі уақытта Қазақстан үшін экономиканы әртараптандыру және шикізаттық емес секторды дамыту негізгі бағыттардың қатарына еніп отыр. Әлемдік тәжірибеге көз салсақ, көмірсутегінің қаржысына ғана сүйенумен алысқа бара алмасымыз мәлім. Бұл ретте туризмнің алар орны ерекше. Туризм – демалу мақсатында, іскерлік және өзге мақсаттарда қатарынан бір жылдан аспайтын кезең ішінде саяхаттайтын және әдеттегі ортасынан тыс жерде орналасқан орындарда болуды жүзеге асыратын адамдар қызметі. Туризм халық шаруашылығында дербес сала екені айқын және бұл экономикалық құбылыс болып есептелінеді. Туризм – экономиканың қарқынды дамыған және көп табыс беретін салаларының бірі. Ол жиі аймақтық даму «катализаторы» рөлін атқарады.

Туризмнің дамуы, бірінші кезекте, саяхаттауға ыңғайлы жерлердің пайда болуына

қатысты. Себебі әлемдегі дәстүрлі саяхат орындары бүгінде өзінің маңыздылығын жоя бастаған. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстанда туризмге мол мүмкіндік бар және соның нәтижесінде әлемдік туризм нарығының биігіне көтерілуі мүмкін. Сол мүмкіндіктің бірі Түркістан аймағындағы тарихи байлықтар мен мәдени және рухани құндылықтарды сақтаудың қазіргі жағдайы – кесенелер мен ежелгі мешіттерді және қалашықтарды жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізе отырып, солардың негізінде тарихи, мәдени музей-қорықтарды қалыптастырумен сипатталады.

Туризм саласының төмендегідей экономикалық функцияларын атап өтуге болады:

– туризм саласы экономиканың басқа салаларына қарағанда салынған капиталдарды тез

арада өндіріп алуға мүмкіндік береді;

– экономиканың өзге түрлерінен гөрі

өнімділік деңгейі жоғары болып келеді;

– туризмге салынған инвестиция аймақтық

экономикаға және мемлекеттік экономикаға да

оң әсерін тигізеді;

– туризм саласы еңбек күшіне негізделгендіктен, жұмысссыздық мәселесін шешуде өте

маңызды;

– туризм аймақтық және мемлекеттік

инфрақұрылымды дамытады;

– халықаралық туризмнің дамуы дамыған

елдерден дамушы елдерге қарай ақша ағынын

тудырады;

– табиғи ресурстар туризм саласының негізгі қайнар көзі болғандықтан, туризмді дамыту үшін табиғи ресурстарды қорғау және дамытуда көп жұмыстар атқарылуда. Яғни туризмі

дамыған елдің табиғаты да жақсарады;

– туризмнің әсерінен елдің әлеуметтік және

мәдени байлықтарына назар аудартады және дамытады.

Қазақстанда туризмді шынайы бағалау экономика үшін салыстырмалы түрде кештеу

келді. Туризмнің тез және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлық саласына және қоғамның әл-ауқатына күшті ықпалын назарға ала отырып, Үкімет Қазақстанның ұзақ

мерзімді даму бағдарламасында туризмді басым сала деп анықтады.

Қазақстанның ұлттық тарихы үшін маңызы өте жоғары көптеген архитектуралық, археологиялық және тарихи нысандар қалпына келтіру жұмыстарын өте қажетсініп отыр.

Архитектуралық бағытта қаланың алып жатқан аумағын үш аймаққа бөлуге болады:

  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы мұражайлық

кешен төңірегіндегі тарихи-мәдени ескерткіштер;

  • әкімшілік, орталық алаң, мейманханалар мен мейрамханалар орналасқан әкімшілік

орталық;

  • Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-дың негізгі

оқу, ғылыми орталықтары мен қосалқы оқу

кешендері және мәдени орталықтары орналасқан

ғылыми-ағартушылық аймақ. Қаланың құрылыстық-сәулеттік мүмкіншіліктеріне келсек, қаланың орналасуы ендік бағытта созылып орналасқан. Оған себеп – облыс орталығымен және аймақтағы басқа да елді мекендермен жалғастыратын жол магистралдары мен Арыс-Түркістан су арнасының өтуі. Мұның өзі туризм саласына оң септігін тигізеді. Қазақстанның туризм саласын дамытудағы өз мүмкіндігін толық пайдаға асыра алмай отырғандығын кейбір сарапшылар сенімді түрде айтып жүр.

Туризмнің дамуы, бірінші кезекте, саяхаттауға ыңғайлы жерлердің пайда болуына қатысты. Себебі әлемдегі дәстүрлі саяхат орындары бүгінде өзінің маңыздылығын жоя бастаған. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстанда туризмге мол мүмкіндік бар және соның нәтижесінде әлемдік туризм нарығының биігіне көтерілуі мүмкін. Сол мүмкіндіктің бірі Түркістан аймағындағы тарихи байлықтар мен мәдени және рухани құндылықтарды сақтаудың қазіргі жағдайы кесенелер мен ежелгі мешіттерді және қалашықтарды жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізе отырып, солардың негізінде тарихи, мәдени музей-қорықтарды қалыптастырумен сипатталады. Бүгінгі күні туристік индустрияны дамытуға ішкі және шетелдік инвестицияны тарту үшін елімізде барлық жағдай бар. Сондықтан аймақтағы инвестициялық тартымдылықты басқару мәселесі экономиканың тұрақты дамуы мәселесін шешуде өзекті болып табылады.

Түркістан қаласында туристік қызметті дамытуда мынадай іс-шараларды жүзеге асыру

қажет:

  1. Түркістан қаласының ең маңызды мәселесі,

яғни қаланың туристік мүмкіншілігін Қазақстан

және алыс шетелдерге таныстыру қажет.

  1. Түркістан қаласы және айналасындағы

қандай туристік ресурстардың (тарихи, мәдени

және рухани байлық – объектілер) бар екенін

жоғары деңгейде зерттеп тіркеу.

  1. Келген туристтердің ерекшеліктерін (жас, келу мақсаты, не күтеді, неге көңілі толады, толмайды, т.с.с) жақсы зерттеу керек.Оған қарап стратегия жасап, жұмыстар жасау қажет.
  2. Туристерді ең кемінде 2 түн 3 күн Түркістанда ұстау үшін турпакеттер ұсыну керек.

Мысалы:

1-күн: Яссауи кесенесі, Арыстан баб және оған жақын бір киелі жерге зиярат ұйымдастыру.

2-күн: 1 маршрут бойынша түске дейін 1, түстен кейін 2 киелі жерге зиярат ұйымдастыру.

3-күн: таңертең шығарып салу. Тек қана кесенені жарнамалап көп турист тарту шектеулі болады. 50 км қашықтықта басқа киелі жерлермен ұштастырып турпакеттер жасаған жөн. Бұл үшін Түркістан айналасындағы маңызды киелі жерлерді көрсететін карта жасау

керек.

  1. Туризм туралы республикалық және

облыстық семинарларға қатысып, Түркістан туралы таныту жұмыстарын жасау.

  1. Түркістан туралы басылым халықаралық

және республикалық газет, ғаламторлар

беттеріне мақалалар жазу қажет.

  1. Республика деңгейінде халықпен байланыс іс-қимылдарын жасап Түркістанның жақсы

имиджін қалыптастыру.

  1. Республика деңгейінде хабар тарататын

радио және теледидар каналдарында Түркістан

туризмі туралы бағдарламалар жасап жариялау.

  1. Теледидардағы сериалдар, киноларды

Түркістанда түсірілуіне түрткі болу. (Тарихи

тақырыпта түсірілетін бағдарлама немесе кинофильмдер Түркістанда түсірілуіне жағдай жасау).

  1. Шетелдік саяхат туралы ғылыми

жұмыстар жазған ғалымдардың Түркістан жайлы жазуын қамтамасыз ету.

  1. Маңызды туристік көрмелерге қатысып,

Түркістан аймағын насихаттау.

  1. Түркістан және киелі жерлерді,

құндылықтарды көрсететін жоғары сападағы,

бірнеше тілде брошура дайындау.

  1. Түркістанға, Шымкентке жүретін

автобус және пойыздарға жолаушыларға

Түркістандағы туристік мүмкіндікті көрсететін

видеороликтер көрсетіп, брошуралар тарату

қажет.

  1. Мемлекеттік және облыстық телеарналарда арнайы дайындалған жарнамалар жариялату. Осы жарнамаларда танымал тұлғаларды

сөйлету.

  1. Түркістандағы көп турист алып келген турфирмаларға естелік сыйлықтар беру.

Олардың басшыларын Түркістанға қонаққа

шақыру.

  1. Туристік және қонақ үйлік қызмет

көрсетулердің сапасын, техникалық реттеу

жүйесінің белгіленген талаптарына сәйкес арттыру. Қонақ үй бағасын жеңілдету керек.

  1. Шетелден және Қазақстаннан туристерді тартумен айналысатын мекеменің сайты болу

керек.

  1. ҚР әулиелі жерлерге мінәжәт етіп келушілердің және тарихи, діни экскурсиялық

орталықтарға сырттан келушілер туризмі мен ішкі діни экскурсиялық туризмді дамыту.

Аталған міндеттерге байланысты туризм саласының қызметтік бәсекелестіктерін арттыратын экономикалық тетіктерді дайындау қажеттігі туындайды. Ол тетіктер бағалардың өзгеруіне қарамастан туристік клиенттердің талаптарына толық жауап бере алатындай біраз мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы