Құтырудың алдын алу

458 көрілім

​Құтыру – бұл ауру жануардың тістеуінен адамға берілетін және орталық жүйке жүйесінің зақымдалып, ақыры өліммен аяқталатын табиғи ошақты ауру. Вирусты тасымалдаушыларға дала жыртқыштары да үй жануарларыда жатады. Дала жыртқыштарына: қасқыр, түлкі, жарқанат, борсық, кеміргіштер және т.б жатса, үй жанурларына-ит, мысық, жылқы, доңыз және ұсақ немесе ірі қара малдар жатады. Қаңғыбас иттер мен түлкілер адам үшін ең қауіптісі болып табылады.
Аса қауіпті болып бас, қол, мойын, қол мен аяқ саусақтары мен көп көлемді тістеулер жатады. Аурудың инкубациялық кезеңі 12 күннен 1 жылға дейін созылады. Құтырмаға қарсы ем жоқ, сондықтан әрбір ауырған адам тыныс алу мен жүрек қызметінің салдарынан міндетті түрде өлімге әкеліп соқтыратынын білуі қажет. Вирус ағзаға енгеннен кейін жүйке жолдары арқылы таралып барлық жүйке жүйесін зақымдайды. Осының нәтижесінде ми мен жұлынның жүйке жасушаларында ісіну, қан кету, деградациялық және некротикалық өзгерістер болады. Құтыру вирусымен ауыратын жануар сау адамды тістеп алғанда немесе осы жануардың сілекейі адамның зақымдалған терісіне түскен кезде вирус ағзаға жұғады. Жануардың тістеп алған орны бастан неғұрлым алыс орналасса инкубациялық кезең солғұрлым ұзақ болады.
Құтыру ауруының емі жоқ, алайда оның алдын алуға болады. Құтырудың алдын алу мақсатында жануардан жарақатталып, тістелінген, тырналынған және сілекейленген жағдайда адамдардың барлығы құтыруға қарсы екпе курсын алу үшін тұрғылықты жері бойынша медициналық мекемеге қаралуы керек. Тістеген жарақатты сабынды таза сумен жуып, міндетті түрде антирабикалық егу алуы тиіс. Әрбір жарақат алған адамды өлімнен құтқарудың жалғыз әдісі жүйелі түрде құтыруға қарсы екпе алу қажет.​
Естеріңізде болсын, құтыруға қарсы екпе тегін егіледі! Өз денсаулықтарыңыз өздеріңіздің қолдарыңызда екенін ұмытпаңыздар! Құтырма ауруын болдырмау үшін мынадай сақтық шараларын сақтаған жөн: Ит пен мысықты ұстау ережесін сақтау және де итті аулада байлаулы күйде ұстау; балаларды бөтен ит, мысықтарға жақындап ойнамауды түсіндіру керек; үйдегі ит, мысық және ауылшаруашылық малдарын құтырмаға қарсы екпеден өткізу; егерде сіздің итіңізді бөтен жануарлар тістеп алған болса, оған жақындамауға және жануарларыңыздың мінез-құлқы өзгерсе, ветеринарлық дәрігерді шақырту қажет.

Азамат Тілес,

Түркістан облысының СЭБД бас маманы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы