ЖӘРМЕҢКЕ АЛДЫНДАҒЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

969 көрілім

Қала әкімдігінің кіші мәжіліс залында электронды түрде мемлекеттік қызмет алу мүмкіндігін насихаттау бойынша дөңгелек үстел өтті. Аталмыш шара қала әкімдігіне қарасты бөлімдер, ХҚКО, дербес бөлім қызметкерлері желтоқсан айының 11 жұлдызы күні сағат 11.00-де өтетін жәрмеңкеге дайындықты пысықтау мақсатында ұйымдастырылды.


Мемлекеттік қызмет көрсету мониторинг бөлімінің бас инспекторы Айткүл Қоңырова жүргізіп отырған шарада бүгінгі таңда елімізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен ашықтылығы, көрсетілу сапасы, электронды үкімет порталының «Е-gov mobile» жаңа мобильдік қосымшасының тиімді тұстарын халыққа түсіндіру бүгінгі күннің басты тақырыбы екендігін айтып өтті. Сондай-ақ, алдағы уақытта ұялы телефон арқылы 50-ден астам электрондық қызмет пен сервисті пайдалануға болатындығы түсіндіру жұмыстарын күшейту керектігін тілге алды. Ал, дөңгелек үстелде бас қосқан тиісті бөлім басшылары мен қызметкерлері бүгінгі күннің маңызды шарасына қолдау көрсетіп, үгіт-насихат жұмыстарына біркісідей атсалысатындықтарын жеткізді.
«Түркістан-ақпарат».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы