ТҮРКІСТАН: ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

285 көрілім

Жетісайда еркін күрестен жасөспірімдер арасында халықаралық турнир өтті. Аудандық ішкі істер басқармасының бастығы қызметін атқарған полиция полковнигі, Жетісай және Мақтаарал аудандарының құрметті азаматы Әбдіғаппар Серікбаевты еске алуға арналған сайыс Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Жетісай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мен «Жастар» спорт клубы ұйымдастырып отыр.

Шараның ашылу салтанатына Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов пен спорт ардагерлері мен қоғам қайраткерлері, Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары, аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ғабит Жанаев қатысты.

2007-2008, 2009-2011, 2012-2014, 2015-2016 жылы туған жасөспірім балуандар боз кілемде 20, 23, 26, 29, +30, 32, 33, 35, 36, 38, 39, +42, 48, 52, 57, 60 және +80 келі салмақта өзара мықтыларды анықтаған байрақты бәсекеде Қырғызстан, Өзбекстан республикаларынан, Түркістан, Алматы және Шымкент қалаларымен қатар Төлеби, Сарыағаш, Қазығұрт, Түлкібас, Шардара, Сайрам, Келес, Мақтаарал және Жетісай аудандарынан келген 400-ге жуық жас балуан күш сынасты.

Жарыс қорытындысымен командалық есепте өзбекстандық балуандар жүлделі ІІІ орынды иеленсе, ІІ орын Жетісай аудандық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі командасының қанжығасына байланды. Ал жүлделі І орын Жетісай аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі балуандарына бұйырды.

Турнир соңында жеңімпаздар мен белсенді қатысқандар, жастарды спортқа баулып жүрген жаттықтырушылар арнайы дипломдармен, ұйымдастырушылар тағайындаған медальдармен марапатталды.

Сонымен қатар, Талдықорған қаласында еркін күрестен жастар арасында 23 жасқа дейінгі балуандардың әлем чемпионатына іріктеу сайысы өтті. Бұл республикалық жарыс елімізге танымал спортшы болған Әбілсейіт Айхановты еске алуға арналды. Түркістан облысының талантты жас балуандары 61 келідегі Асылжан Есенгелді жеңімпаз атанды. Ал, боз кілемде белдескен қос балуанымыз 70 келідегі Қуандық Шалдар мен 86 келідегі болашағы жарқын жерлесіміз Айдос Жұмаханов қола жүлдегер атанды.  Қазір Түркістан облысында олимпиадалық бағдарламаларға енген күрес түрлері балалар мен жасөспірімдер арасында қарқынды дамып жатыр. Бұл жетістік күрес саласының білікті бапкерлері Ерлан Сатымбеков, Бақытжан Бердиев, Қанат Ниязбековтердің жұмысының нәтижесін көрсетуде.

Еркін күрестен ел намысын әлемдік аренада қорғап жүрген жастар арасында таяуда жарқын жеңістер орын алды. Атап айтсақ, Албания елінің Тиран қаласында еркін күрестен әлем чемпионаты өтуде. Бұл әлемдік күрес додасына U23 жасқа дейінгі ересектер арасында өтті. 61 келі салмақта Қазақстан ұлттық құрамының талантты балуаны, Түркістан облысының спортшысы Асылжан Есенгелді күміс жүлдегер атанды.  Алғашқы белдесуінде жапониялық Каито Моританы тізе бүктірсе, ширек финалда үндістандық палуан Акаш Дахияны сенімді жеңген болатын. Ал, жартылай финалында қырғыз бозкілем шебері Тайырбек Жумашбекуулудан басым түсіп, ақтық сынға шықты.  Финалдық бәсекеде ресейлік балуан Башир Магомедовпен шығып, есе жіберіп күміс жүлдені еншіледі. Айтып өтейік, дарынды балуан Асылжан Есенгелді Түркістан облысының Шынболат Райханов басқаратын жоғары спорт шеберлігі мектебінің шәкірті. Әлемдік додаға спортшыны жан-жақты дайындаған еркін күрестен облыстың аға бапкері Ерлан Сатымбековтың еңбегі орасан. Асылжанды күрес өнеріне баулып келе жатқан жаттықтырушылары Бекбаев Мақсат пен Роллан Кешубаев – білікті спорт мамандары. Еске ала отырайық, еліміздегі еркін күрес тарихында аты алтын әріппен жазылған айшықты балуан, қазақ жастары арасынан тұңғыш рет Атланта Олимпиадасының қола жүлдегері, сонымен қатар, қандастарымыздың арасынан  Азия ойындарының  алғаш рет алтын жүлдесін жеңіп алған қазақтың даңқты балуаны Мәулен Сатымбайұлы Мамыровтың даңғыл жолы. Кең байтақ жерімізді сыртқы жаудан қорғауда қазақ батырларының жауынгерлік өнерді терең меңгергендіктері туралы бүгінде толассыз айтылып, жазылып келеді. Әрине, батыр бабаларымыздың жауынгерлік өнері жас ұрпаққа үлкен өнеге сабақ болса игі. Сол жауынгерлік өнердің ішінде жекпе-жек сайысына айрықша тоқталсақ. Ендеше, осы жаумен оңашада жекпе-жекке шыққанда күрес өнеріне сүйенетіні белгілі болған. Сол кезде қазақтың дала батырлары күрестің түрлі айла-тәсілдерін қолдана отырып, жауын тізерлеткен. Біз бүгін сөз еткелі отырғанымыз да осы күрес өнері мен оның ішіндегі еркін күрес түрі.

Еркін күрес дегенде бірден ойымызға Қажымұқан атамыздан бастап, Әбілсейіт Айқанов, Амангелді Ғапсаттаров, Аманжол Бұғыбаев, Асқантай Иманқұлов, Рамазан Нұрманов, Мәлік Нәдірбеков, Жақсыжол Көрпебаевты және басқада айта берсең аттары таусылмайтын қазақтың апайтөс балуандарын бірден еске аларымыз анық. Осылардың көпшілігі кезінде КСРО аймағында өткен байрақты жарыстарда топ жарып, еліміздің атын шығарған біртуар балуандар. Шапшаңдықты, ептілікті, күштілікті, жан-жақтылықты талап ететін бұл күрес бізге ата-бабаларымыздан ұрпақтан ұрпаққа жалғасып жеткен жанымызға жақын күрес түрі деуге болатын шығар. Жоғарыда аттары аталған қазақтың айшықты балуандарының бірі бүгінде ортамызда жоқ болса, бірі  әлі де сол боз кілемді жағалап, әлі де сол бел шәкірттерін тәрбиелеп жүр. Өйткені, олар бар ғұмырын күреске арнаған абзал жандар. Айтулы ағаларымыздың тәрбиелеген шәкірттерінің арасынан Олимпиада асуын бағындырған балуандар да жоқ емес. Иә, өздері кезінде Кеңес үкіметінің солақай саясатының салдарынан әлем, Олимпиада жарыстарына бара алмай қалғанын біз жақсы білеміз. Дегенмен де, өздері шықпаған Олимпиада биігіне өздерінің төл шәкірттері жеткендеріне еркін күрес түрінің ардақты ардагерлері дән разы. Сонымен қатар, Ақиықтан шыққан ақиық балуан Мәулен Сатымбайұлы Мамыровтың есімі  ерекше аталары анық. Мәуленнен кейін, еркін күрестен елеулі үлес көрсеткен, еркін күрес түрінен Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері, Азия чемпионы Ислам Байрамуков пен Лондон Олимпиадасы мен Парижде өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионы Ақжүрек Таңатаровты міндетті түрде айтуға болады.

Ағылшындар ХІХ ғасырдың соңында ойлап тапқан Еркін күрестен Қабден Байдосов, Әбілсейіт Айқанов, Амангелді Ғабсаттаров, Аманжол Бұғыбаев, Сейітжан Әбдікәрімов, Алмас Мұсабеков, т.б. халықаралық аренада халқымызды әлемге танытқан ұлттық спорт тарихынан білеміз.

Қазір осы күрес түрінен еліміз тәуелсіздік алғанан бері жолымыз болмай, басымыз салбырап жүргені жасырын емес.

Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатынаннан қуанышты хабар жетіп, бүкіл қазақ бөркін аспанға атып, бір жасап қалды. Серб елінде үкілеп қосқан үмітіміз 92 келіге дейінгі салмақта додаға түскен 20 жастар Ризабек Айтмұхан жартылай финалға дейін мажар мен түрік балуанынан күшін асырса, жартылай финалда гүржі палуанның сағын сындырды.

Иә, жасөспірімдер арасында өнер көрсетіп жүріп, бірден ерсектермен күш сынасуға басы бүтін көшу күрес жолын қайыра жаңадан бастаумен бірдей екенін спорт жанкүйерлері бек жақсы біледі. Біздің жерлесіміз Ризабек Айтмұхан ересектер арасындағы әлем біріншілігінің финалына шашасына шаң жұқтырмай жетті. Бірақ финалда әзербайжандық Осман Нурмогамедовпен белдесу оңайға түспеді. Басымдық қанша жерден әккі әзербайжандық палуанның қолында болғанымен намысқа тырысқан Ризабек шешуі сәтте қарсыласын сан соқтырып жеңісті қолынан жұлып алып кетті.

Осылайша еліміздің тәуелсіз спорт тарихындағы еркін күрестен шыққан тұңғыш әлем чемпионы екендігін алтын әріппен жазып қалдырды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы