Облыс аумағында қызылша аурушаңдығының алдын-алу, эпидемиологиялық жағдайды бұдан әрі тұрақтандыру мақсатында өңірдің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық қызылшаға қарсы іс-шаралар туралы» қаулысы шықты. (Бұған дейін ҚР БМСД А.Есмағамбетованың Қаулысы шыққан болатын).
Қаулы бойынша қызылшаға қарсы егу мәртебесіне қарамастан, 6 айдан бастап 10 ай 29 күнге дейінгі, 2 жастан бастап 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі балаларға қосымша жаппай иммундау жүргізіледі.
1) 2 жастан бастап 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі балалар қызылшаға қарсы егу мәртебесіне қарамастан, жоспарлы тәртіппен – осы санаттағы балаларды қосымша иммундау ҚҚП-ға қарсы вакцина партиясы түскеннен кейін – ҚҚП-ға қарсы вакцина қолданыла отырып 2023 жылғы 5 желтоқсаннан басталады;
2)қызылшаға қарсы профилактикалық екпелері жоқ, сондай-ақ 2019-2020 жылдары және 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезеңде эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша жүргізілген осы инфекцияға қарсы алдыңғы қосымша жаппай иммундау барысында қызылшаға қарсы егілмеген медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері.
Бұл ретте 6 айлық балаларды қызылшаға қарсы ҚЖИ қызылшамен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін, 2 жастан бастап 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі балалар мен медицина қызметкерлеріне 2023 жылғы желтоқсаннан бастап 2024 жылғы қаңтар аралығында жүргізіледі.
Өңірдің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы бүгіннен бастап, яғни қарашаның алтысында күшіне енді.
Қосымша ақпарат:
Облысымызда 2023 жылдың наурыз айынан бастап бүгінгі күнге дейін қызылшаға күдікті 984 жағдай тіркеліп, 360-ның диагнозы зертханалық және клиникалық расталған. Оның ішінде 317 жағдай, яғни 88,0% 14 жасқа дейінгі балаларды құрап отыр (2022 ж. тіркелмеген). Инфекцияның жоғары тіркелуі жалғасып отыр.
Науқастардың барлығында дерлік инфекция ЖРВИ симптомдарымен, яғни дене температурасы 39-40С дейін жоғарылауы, құрғақ жөтел, көздерінің жасаурауы, ісінуі, жалпы әлсіздік, тәбетінің жоқ болу белгілерімен басталған. Науқастардың бас және бет бөліктеріне, денелеріне кезеңмен дақты-папулезді бөртпелер шыққан.
Жастар құрамы бойынша дертке 4 жасқа дейінгі балалар жиі шалдықса, оның едәуір бөлігін 1 жасқа дейінгі, егу жасына жетпегендер құрайды. Жастарына сәйкес инфекцияның тіркелуі бала-бақшалар мен мектептерде де орын алуда. Әзірге балалар мекемелерінде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес эпидемияға қарсы карантиндік іс-шаралар жүзеге асырылуда
Қызылша – ауа-тамшы жолдары арқылы тарайтын инфекция, көбіне балалар арасында жиі кездеседі. Адамнан адамға жұғуы өте жоғары. Аурудың жасырын кезеңі 7-21 күнді құрайды. Науқаспен байланыста болған адамдар аурудың соңғы жағдайы анықталған сәттен бастап 21 тәулік бойы күнделікті медициналық бақылауға алынып, иммундық статустары анықталады. Егер 30 жасқа дейінгі қарым-қатынастағылар қызылшаға қарсы егу алмаған болса, 72 сағаттың ішінде егілу қажет.
Аурудың алдын алу үшін:
-қызылшаға қарсы қарсы екпе алу;
-бөлмені жиі желдетіп, ылғалды тазалау жұмыстарын жасау;
-халық көп шоғырланған орындарға мейлінше бармау;
-бетперде тағып жүру ұсынылады.
