- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
От жағу маусымы басталғалы қала халқы екіге бөлінеді: бірі – көгілдір отынның кереметін көріп, енді бірі – көмір жағып күнелтіп отырғандар. Бүгінгі кейіпкеріміз 77 жастан асқан кейуана Мапуза Мәметова туралы болмақ. М.Сұлтанов көшесі №105 үйдің тұрғыны әлі күнге дейін көмір жағып отырмыз дейді.
– Елбасымыз Түркістанды Оңтүстіктіктің орталығы деп шешім қабылдаған кезде қатты қуандым. Соның арқасында бүгінде қала жаңа қырынан, күн санап түлеп, жаңарып келеді. Осы ретте, Нұрсұлтан Әбішұлына өз алғысымды білдіремін. Көрсе көз тоярлықтай сан түрлі ғимараттар, демалыс орындары ашылып жатыр. Барлығы сол кісінің арқасында. Басшымыз Қазақстан халқы 100 пайыз газбен қамтылуы керек деген еді. Есіктің алдына дейін газ келіп тұр. Бірақ оны кіргізу деген әжептәуір ақша ғой,- деді Мапуза Мәметқызы.
Алтын құрсақты ана көшесінен коммерциялық бағытпен көгілдір отын жүргізілгенін десе де, оның қымбат екендігіне ашынады. Көмірдің 1 тоннасы – 15000-17000 мыңды құрайды. 70 мың зейнетақы алатын анамыз, газды қосып берудің өзі 280 мың. Одан өзге қосымша жұмыстарын қосыңыз. Бұл қарапайым отбасы үшін қыруар қаражат екендігін айтады. Мәселен, коммерциялық бағытта емес, мемлекеттік тұрғыда қалта көтеретін жағдайда бөліп төлеу болса екен. Орташа жалақымен күн кешетін өзге де тұрғындар үшін де тиімді болар еді деген ұсынысын білдірді.
Түркістан қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Жарасовтың қала әкімі алдындағы есебі бойынша 1 желтоқсанда біршама нысандарды толығымен аяқтау жоспарланған. Мәселен, ІІ кезең бойынша Ортақ тұрғын үй массивіндегі 4424 абонент, ІІІ кезең бойынша газ құбыры салынып, 2422 дана газ жәшігінің 1470-і орнатылды деп ақпарат берген болатын.
Қара алтынды жаққанда одан қалдық қалады. Оны қайда төгеді? Одан шығатын қара түтін ауаға еніп, қаланы ластайтыны тағы бар. Мәселен, шаһарда 100-150 монша бар. Олардың басым бөлігі балон жағады. Одан шығатын қара түтінді тағы есептеңіз. Өңіріміз мәдени тарихи тұрғыдан ғана емес, экологиялық тұрғыдан да дамуын қаласақ көгілдір отынды 100 пайыз тұтынуға тырысуымыз қажет.
Шынар БОЛАТ,
«Түркістан».