Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне «Бейбарс-АО» ЖШС-ның суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне тариф және тарифтік сметаның бекітуге арналған өтінімі келіп түсті.
Өтінім оңайлатылған тәртіппен ұсынылды, онда субъектінің орташа жобалық тарифі 1 текше метрге ҚҚС-сыз 88,90 теңгені құрады.
ТМРКД 2023 жылғы 4 тамызда «Бейбарс-АО» ЖШС-ның және тұтынушылардың қатысуымен өткен жария тыңдауда айтылған пікірлер мен ұсыныстарды ескере отырып, монополист субъектінің өтінімін қарау қорытындысы бойынша, бірыңғай тарифті 1 м3 үшін ҚҚС-сыз 70,52 теңгеге (01.10.2023 жылдан бастап 30.09.2024 жылға дейінгі кезеңге 1 м3 үшін ҚҚС-сыз 59,05 теңге, қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, 2022 жылғы тарифтік сметаның есебін тексеру нәтижесінде анықталған негізсіз алынған кіріс 2 976,23 мың теңге мөлшерінде) немесе ұсынылған мөлшерден 1 м3 үшін 18,38 теңгеге төмендетумен бекіту туралы шешім қабылдады.
Бұл ретте, тариф қолданыстағы тарифтен 22,22% – ға 57,7 теңгеге (қолданыстағы тарифтен 12,82 теңгеге түзетумен) өзгеріспен бекітілді.
Аталған тариф Түркістан облысы Мақтаарал ауданы «Бейбарс-АО» серіктестігінің тұтынушылары үшін қолданылады.
Тариф 2023 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
