- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Түркістан облысы, Сауран ауданындағы Ескі Иқан ауылында «AVICENNA-A» медициналық орталығы бой көтерді. Құрылтайшысы кәсіпкер Әділхан Исмайлов жобаға 2млрд 400 млн теңге жұмсаған көрінеді. Негізінен диқаншылықты кәсіп ететін 35 мың халық тұратын ауылдағы бейнеткеш тұрғындардың 7 мыңы ФОМС жүйесі арқылы тіркеліп, ем алуда. Журналистерге берген сұқбатында кәсіпкер емханаға қосымша құрал жабдықтарды алуға кәсіпкерлікті қолдау ұлттық жобасы аясында жеңілдетілген жеті пайызбен 700 миллион теңге несие алған.
Емхана ұжымы республикалық деңгейдегі дәрігерлердің қолымен лазерлік, индескопиялық оталар жасай алады. Емхананың физиотерапия, оңалту, гинекология, урология, зертхана бөлмелері соңғы үлгідегі медициналық құрал-жабдықтармен қамтылуда. Жансақтау бөлімі бір мезетте төрт адамды қабылдай алады.
Бас дәрігер Әкежан Сакашевтің айтуынша, білікті медбикелердің айлық жалақысы 250 мың теңгеге дейін болса, республикалық дәрежедегі оташылардың айлығы 600 мың теңгеге дейін барады екен. Мұнда өңірдегі ең білікті мамандар тартылуда. Құрылтайшы Әділхан Исмайлов Мемлекет басшысы тарапынан қолдау тапқан дәрігерлердің дәрежесін көтеру мәселесіне іспен жауап беріп отырғандығына риза. Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен пресстурға қатысқан журналистер өңірде мұндай емхана жоқтығын айтып, таңдай қағысты. Ауылдастары туған жердің әрбір патриоты осындай болса, алар асуымыз биік болатындығына қуанышты.
Ескендір ЕРТАЙ.