ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ – ТАРИХИ ТАҢДАУ КҮНІ

1  676 көрілім

29 қараша күні Түркістан жоғары медицина колледжінде бүкіл халқымыздың қастер тұтар мерейлі мерекелерінің бірі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні аталып өтті.


Тұңғыш Президент күні – бұл тарихи таңдау күні. Барлық қазақстандықтардың Ұлт көшбасшысы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төңірегіне топтасу күні. Елбасымыз Тәуелсіздік пен бостандықтың игі мұраттарын баянды етіп, өркениетті елдерге тән қадамдар жасауда ел алдындағы саясаткерлік, қайраткерлік, азаматтық және перзенттік парызын адал орындап, әлемдік беделге ие болған.


Жалпы, шараның мақсаты – жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту, елі сүйген, елін сүйген Елбасынан үлгі алуға насихаттау.
Кеш барысында Елбасымыздың өмір жолынан видео роликтер көрсетіліп, Мейрамбек Мырзахметов пен Жайна Әбсаттардың орындауында “Үш қоңыр” әні шырқалды. Сондай-ақ, «Тәуелсіз Қазақстан және Елбасы» жайында кітап көрмесі дайындалды.


Қалалық әйелдер алқасының төрайымы Ұлжан Мұстапаева мен колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айгүл Мирзахмедова Елбасы жайында көптеген өнегелі әнгімелерімен бөлісті.
Алима Мұстапаева,
Мөлдір Алдашукурова,
Түркістан жоғары медицина коллдежінің кітапхана қызметкерлері.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы