- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Қазіргі кезде Түркістан қаласы тұрғындарының мәдени және әлеуметтік дамуы олардың өмір сүру дағдыларында да көптеген өзгерістер алып келуде. Бұл көне қаланың жаңа құрылыстармен толысып, кеңейе түсуінен айқын көрініс табады. Осы тұрғыда Түркістан қаласының әрі қарай мәдени әлеуметтік дамуы тікелей адами капиталға байланысты екенін айғақтайды. Мысалы, қала ғимаратындағы адамның өмір сүруі жас ерекшелігіне, жынысына қарамастан бір ортаға топтастырушы қызмет атқарады. Себебі, көптеген адамдардың жұмыс орны, бос уақыты және тұтас өмірі белгілі бір ғимараттармен байланысты. Қала тұрғындарының мәдениеті мен өмір сүру дағдылары тікелей қаланың орналасқан орны мен архитектуралық ерекшелігіне байланысты. Соның ішінде Орталық Азия және Қазақстан территория[1]сындағы ортағасырлық қалалардың қалыптасуы мен дамуы тұрғындардың әлеуметтік құрылымына және адамдардың өмір сүруіне ыңғайластырылған. Еліміздегі мұндай қаланың негізгі көрсеткіші ретінде Түркістан қаласын қарастыруға болады.Көне Түркістан қаласының архитектурасы орта ғасырлардағы әлеуметтік құрылым мен шығыстық стильдің көрнекті үлгісінен хабар береді.
Бұл Түркістан қаласының архитектурасының өзіндік ерекшелікпен дамуы жергілікті ортадағы қолөнердің, тас қашау өнерінің, сауда қатынастарының және мәдениеттің дамығанын көрсетеді. Сонымен қатар, ортағасырлық қалалардың цитадель (әкімшілікорталық), шахристан (қоғамдық ғимараттар орналасқан бөлігі) және рабадтар (қаланың қарапайым халықтар тұратын бөлігі) болып бөлінуі, қала халқының әлеуметтік құрылымын анықтайды. Тұтас алғанда қала ғимараттары мен тұрғын үйлердің архитектурасына отбасындағы дәстүрлі этикеттің сақталуы әсер етті. Мысалы, отбасы мүшелерінің үйдегі орны мен қызметі, адам өміріндегі атқа рылатын циклдық іс-шаралар қала тұр ғындарының әлеуметтік қатынастың бір көрінісі ретінде қарастырылады.
Мысалы, орта ғасырлардан бері сақталған Түркістандағы архитектуралық нысандардың негізгі бөлігі діни ғұрыптық кешендерден тұрады. Ахмет Ясауи кесенесі маңындағы архитектуралық құрылыстар сол кездегі қала өмірінің куәсі болып табылады. Мұндай
архитектуралық нысандардың қатарында мешіттер, медреселер, ескерткіш мазар[1]лар мен құлпытастар кіреді. Қаладағы діни ғұрыптық кешендер әр кезеңде әртүрлі саяси және әлеуметтік қызмет атқарды. Оны кейінгі кезеңдегі археоло[1]гиялық қазбалардан табылған артефактілер растайды. Сондай-ақ, қала өмірінің әлеуметтік жағдайы XIX ғасырдың
екінші жартысындағы зерттеушілердің деректерінде сақталған. Онда Хазірет Сұлтан кесенесінің маңындағы көшелер, базарлардың құрылысы, шәйханалар және т.б. нысандардың қызметі беріледі және орыс зерттеушілері Түркістанға кіргенде Парижге келгендей әсер алғандарын жасырмайды.
Ал, XIX ғасырдың соңы мен XX ғасыр[1]дың басындағы және кеңестік кезеңдегі Түркістанның архитектуралық келбеті қаладағы темір жол вокзалы, әскери казармалардың, оқу орындарының және бір
қатар тұрғын үйлердің құрылысымен сипатталады. Соның қатарында 1904 жылы
салынған Түркістанның темір жол вокзалы қазіргі кезге дейін қызмет етіп келеді. Ал, сол кездегі оқу орындарының ғимараттары С. Ерубаев мемориалды музейінің ғимараты ретінде жұмыс істеп тұр. Қазіргі кезде Түркістан қаласы тұрғындарының мәдени және әлеуметтік дамуы олардың өмір сүру дағдыларында да көптеген өзгерістер алып келуде. Бұл көне қаланың жаңа құрылыстармен толысып, кеңейе түсуінен айқын көрініс табады.
Осы тұрғыда облыс орталығының әрі қарай мәдени әлеуметтік дамуы тікелей адами капиталға байланысты екенін айғақтайды. Мысалы, қала ғимаратындағы адамның өмір сүруі жас ерекшелігіне, жынысына қарамастан бір ортаға топтастырушы қызмет атқарады. Себебі, көптеген адамдардың жұмыс орны, бос уақыты және тұтас өмірі белгілі бір ғимараттармен байланысты. Осыған байла[1]нысты мемлекет тарапынан Түркістан қаласының мәдени рухани өмірін жақсартуға барынша жағдай жасалып келеді. Бұл ең алдымен әлеуметтік урбанизмді қалыптастыру қажеттігін түсіндіреді. Бұл Түркістанның мәдени әлеуметтік тұрғыда жаңа деңгейге көтерілуіне мол мүмкіндіктер туғызады. Ал, қазіргі кезде Түркістанның әлеуметтік құрылымын қала ішіндегі құрылыс нысандарының
негізгі бағыттары арқылы анықтауға болады.
Мысалы, Түркістанның 2050 жылға дейінгі стратегиялық жоспары екі бөлікке бөлінген, оның алғашқысы көне «Түркістан – туризм қаласы» болса, кейінгі бөлігі «Түркістан қолайлы өмір үшін» деп аталады. Стратегиялық жоспардың алғашқы бөлігі көне қала аумағындағы құрылыс нысандарының қала тұрғындарының мәдени әлеуметтік өмірінің дамуына бағытталған. Ал, жаңа ықшам аудандар әр түрлі бизнес орталықтар, өнеркәсіп орындары және сауда үйлерімен толықтырылатын болады. Бұл,қаланың мәдени әлеуетін көтеру үшін
адами капиталдың орны ерекше екенін көрсетеді. Осыған сәйкес көне қала аумағындағы жаңадан бой көтеріп жатқан музейлер, өнер орталықтары, театрлар, мәдениет үйі, ғылыми орталықтар және шығыстық үлгіде салынып жатқан әлеуметтік нысандар тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруы тиіс. Бұл қазіргі
таңда қала құрылысының басты басымдықтарының бірі болып отыр. Сонымен
қатар, қаладағы көне шығыстық стильдегі әрлеу жұмыстарының жүргізілуі Түркістанның ортағасырлық қала екенін көрсетіп, дәстүрлі құндылықтарды дәріптейтінін көрсетеді. Мұны постмодернистік архитектурада жергілікті дәстүр мен жаңашылдықтың тоғысатын үлгісі ретінде қарастырады. Сонымен қатар, Түркістанның әр бөлігінде орналасқан демалыс орындарының, саябақтардың көбеюі мен су бұрқақтардың орнатылуы тұрғындар мен қала қонақтарының бос уақытын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, қала ішіндегі жолдардың жөнделуі, қоқыс жәшіктердің орнатылуы, мүмкіндігі шектеулі жандарға ар[1]налған жолақтар, тұрақтар және саябақтардағы қызмет көрсету орындарының
ретімен орналасуы қала өмірінің әлеуметтік мәселелерін қамтиды. Бұл мәселелер қаладағы қазіргі қалыптасып отырған құрылыс нысандардың архитектуралық ерекшелігіне қарай, олардың қызметі аясында шешілуі тиіс.
Қазіргі қалалардағы заманауи архитектуралық нысандар адам өмірінің қолайлылық үдесінен шығуды көздейді. Бұл ретте Түркістан қаласының туристік және облыстың әкімшілік орталығы ретінде салынып жатқан ғимараттардың өзіндік функциясы бар. Ол қазіргі Түркістандағы архитектуралық нысандар көпфункционалды қызмет атқаратынын анықтайды. Мәселен, ірі бизнес орталықтарында тек қана бизнес құрылымдардың қызметі емес, сондай-ақ оқу курстарының, сауда орындары мен дәмханалардың және т.б.
қызметтер де табылады. Заманауи үрдістерге қарағанда мұндай құбылыстар қаладағы көпсалалы қызметтердің орта[1]лықтануын қарастырады. Соның негізінде адамдардың ғимарат ішінде өзіне қолайлы өмір сүруіне жағдай жасалады.
Түркістан қаласын дамытудың Бас жоспарында қала тұрғындарының саны 2050
жылға қарай 500 мың адамды құрайтынын көрсетеді. Бұл қаланың жан-жақты
кеңейіп, тұрғын үйлердің көбеюін қамтамасыз ету мәселесін туындатады. Осыған
орай жоспарда Түркістан қаласының тұрғын жай қорын кеңейту қарастырылған.
Ал, ескі Түркістандағы әртүрлі кезеңде салынған тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттар өз тарихын айшықтай
беретін болады. Сонымен қатар, қала архитектурасындағы әлеуметтік үрдістер
қала антропологиясының негізгі зерттеу нысаны ретінде қарастырылады. Бұл келешекте Түркістан қаласының архитектурасын символикалық, семиотикалық
тұрғыда зерттеу қажеттігін түсіндіреді.