СПОРТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ АТАП ӨТІЛДІ

421 көрілім

Бүгін Ордабасы ауданының әкімі Оралбаев Азат Әбдіғалиұлы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңына сәйкес біздің елде ұлттық мерекелер, кәсіби және өзге де мерекелер атап өтіледі. Сол мерекелердің бірі тамыз айының үшінші жексенбісі спорт саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып бекітілген. Мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтады.

Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала. Тәуелсіздік жылдары ел спортшылары халықаралық ірі жарыстарда топ жарып, көк байрағымызды асқақтата түсуде.

Спорт саласында мемлекеттік саясаттың басымдығы – бұқаралық спортты тиісті деңгейде дамыту үшін жағдайлар жасау болып табылады. Бұқаралық спортың дамуы – Қазақстандықтардың салауатты өмір салтының даму негізі. Спортты өздерінізге серік еткендіктен әр жеңісімен жігерленіп, жеңілісінен де шабыт алатын спортшы болғандықтан жетістіктерініз көп болсын.

Олимпиада чемпионы болуды армандамайтын спортшы кемде-кем шығар, Әлем, Азия біріншіліктерінің биіктерден көрініп, еліміздің көк байрағын көкте желбірете берініздер. Ендігі мақсаттарыныз – Әлемдік чемпионаттарында алтыннан алқа тағыну болсын. Ел намысын қорғап жүрген спортшыларымыздың үлкен жетістіктері сіздердің елеулі еңбек пен төгілген терлеріңіздің арқасында келетінін білеміз, алар асуы әлі де көп болып, елдің мақтанышы бола берініздер дей келе Алғыс хатпен жаттықтырушыларды марапаттады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы