ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ АШЫЛДЫ

225 көрілім

Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Сарыағаш ауданындағы Дихан баба ауылының тұрғындарына 200 орындық жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді.

Салтанатты ашылу рәсіміне аудан басшысы Арман Абдуллаев қатысып, лентасын қиып, ауыл тұрғындарының рухани өмірінің орталығына айналу үшін осындай обьектілерді тұрғызудың маңыздылығын атап өтті.

-Баршаңызды заман талабына сай бой көтерген мәдениет үйінің ашылуымен құттықтады ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Мәдениет саласының өсуі – халықтың өсуі, ұлттың өркендеуі. Сондықтан да мемлекет мәдениет саласының дамуына ерешке мән беріп келеді. Мерейлі мереке айбынымызды асқақтатар Ата Заң күніне орай ашылған мәдени ошақ құтты болсын! Игіліктеріңізге жарасын! Болашақ өнер саңлақтарының алғашқы сахнасы болсын! -деді аудан әкімі.

Жаңа екі қабатты мәдениет үйінің ғимараты кітапхана, оқу залы, конференциялар мен хореографиялық бөлмелер, шығармашылық ұжымдар мен үшін кабинеттер, кең концерт залы, сондай-ақ заманауи музыкалық жабдықтар мен түсті музыкадан тұрады. Мәдени және бұқаралық іс-шараларды өткізу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.

Мәдениет үйінің салтанатты ашылу рәсімі өнерпаздардың әнімен әрленді. Ауыл ақсақалдары батасын беріп, құшағынан аналық мейірім аңқыған әжелер мәз-мейрам болып, шашу шашты. Олар аудан басшысына алғыстарын айтып, мерекелік даталарды атап өтетін, ән тыңдап жан сергітер шаңырақтың ашылғанына бек қуанышты екендерін жеткізді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы