«Тұран» гандбол клубы Италияда өткен әлем кубогында күміс жүлдегер атанды

218 көрілім

Жуырда Италияның Терамо қаласында гандболдан 50-ші әлем кубогын сарапқа салған жарыс өтті.Дүбірлі додаға әлемнің түпкір-түпкірінен 8 команда қатысып, өзара мықтыларды анықтады. Қазақстан Республикасынан Түркістан облысының «Тұран» гандболшылары қатысып, жоғары дәрежеде ойын өрнегін көрсетті. Клуб басшысы Сабыржан Бульдуруков бастаған тұрандықтар бұл әлемдік додаға алғаш рет қатысып, үздіктер қатарынан көрінді.

Жарыс қорытындысында барлық қарсыластарынан басым болған Тунис елінің құрамасы жеңіс тұғырының ең биігінен көрінсе, екінші орынды Түркістан облысының «Тұран» командасы иеленді. Ал, қола жүлдеге Италия құрамасы қол жеткізді.

Естеріңзге сала кетейік, қол добы арнайы ережеге сәйкес ойнау 1917 жылы Германиада басталып, кейіннен бүкіл әлем ойынына айналады. Қол добы «үлкен» гандбол (11:11), «кіші гандбол» (7:7) болыпекіге бөлінеді. «Үлкен гандбол» – футбол алаңында, «кіші гандбол» – залда ойнайтын спорт ойынына айналда. Немістер XI олимпиадалық ойндарды өз елінде өткізуге рұқсат алғаннан кейін, ойынды олимпиада бағдарламасына енгізді (үлкен 11:11 гандбол ойынын). 1938-1966 жылдар аралығында қол добы ойынынан ұш мәрте әйелдер, жеті мәрте ерлер арасындағы дүниежүзінің біріншілігі өткізілді.

1958 жылдан бастап дүниежүзі федерациясы «кіші» (7:7) қол добы ойынына өтті. 1972 жылы қол добы (7:7) XX олимпиадалық бағдарламаға қосылып, бұл ойын Мюнхен қаласында өтті. Ал 1976 жылдан бастап қол добының ойнаушы әйелдер командасы да олимпиадалық ойындарға қатысып келеді.

Гандболисттердің өз халықаралық федереациясы бар (ИНФ), оның 120-ға жуық толық мүшелері бар. Спорттың бұл түрінің отаны Дания бола тұрып, қазіргі кезендегі ең көп тараған мемлекеттері: Шейцария, Германия, Франция, Югославия, Австрия. Гандбол (кол добы) қазіргі кезеңде Азия мемлекеттері халықтарының да сүйіп ойнайтын спортына айналды, сондықтан да ол 1982 жылы өткен Азия спорт ойындар бағдарламаларында төрден орын алды. Бразилияның Сан-Паулу қаласында Оңтүстік Америка чемпионатымем кубок ұшін жарыс та өткізілді. Бұл дегеніміз, қол добы спорт ойынының халықаралық спорт түріне айналғанының дәлелі болмақ.

Жүлдегер атанған жерлестерімізге алдағы жаңа маусымда жаңа белеске қол жеткізіп, жеңіс тұғырынан көріне берсін деген тілек білдіреміз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы